Қырғызстанның оңтүстік-батысындағы Жалалабад облысында қар көшкіні кезінде жоғалған үш адамның денесі табылды. Бір күн бұрын құтқарушылар тағы үш адамның сүйегін тапқан. Олар Құмбел аумағындағы штабқа тікұшақпен жеткізілді.
Ақсай тауындағы іздеу-құтқару жұмыстары бірнеше күнге созылған.
Қырғызстан төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, 9 қазанда 14 адам (Қаныш Қия ауылының тұрғындары және бірі шетел азаматы) сирек кездесетін өсімдіктің тамырларын жинау үшін тауға шығып, ізінше олармен байланыс үзілген.
Іздеу жұмыстары нәтижесінде 16 қазанда 8 адам табылды - бәрі аман-есен. Алты адам қар көшкінінен қаза болған.