Суданда жүк таситын Ил-76 ұшағын атып түсірілді, жергілікті арналардың мәліметінше, ұшақта ресейліктер болған.
Ақпарат құралдары ұшақта болған Airline Transport Incorparation FZC компаниясының бас инженері Виктор Гранов қаза тапқан деп жазды. Онымен бірге ұшақта тағы бірнеше адам болды деген болжам бар.
Судандағы Ресей елшілігі бұл ақпаратты әзірге растаған да жоқ, теріске де шығармады. Елшілік өкілдері ұшақ қақтығыс болып жатқан Дарфур аймағында құлады, бұл мәселе жағдайды анықтауды қиындатып отыр деді.
Ел ішіндегі шайқастар туралы мәлімет беретін Sudan War Monitor жобасы Ил-76 ұшағын судандық "Жедел әрекет ету күштері" (Rapid Support Forces) қарулы тобының жауынгерлері қателесіп атып түсірді деп мәлімдеді, ақпаратқа қарағанда, ұшақта жүк RSF-тің өзіне арналған болуы мүмкін.