Қосбетті домбыра жасаушы шебер тегін оқытуға дайын, бірақ шәкірт жоқ

Your browser doesn’t support HTML5

Шығыс Қазақстан облысында тұратын шебер Жанарбек Қазезұлы домбыраның сирек түрін жасайды. Бұл — қосбетті домбыра. Шебердің айтуынша, қазақ халқында мұндай домбыра ежелде болған. Домбыра жасау өнері өшіп барады деген ол шәкіртті тегін оқытуға да дайын. Бірақ бұл өнерге қызығатын бала жоқ дейді ол.