Израиль астанасы Тель-Авив маңында жексенбі күні жүк көлігі автобус аялдамасына соғылды. Ондаған адам жараланып, 35 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Алтауының жағдайы ауыр деп айтылады.
Оқиға орнында құтқару қызметі істеп жатыр, бірнеше адам жүк көлігіне қысылып қалған, құтқарушылар оларды шығаруға тырысып жатыр.
Зардап шеккендер арасында қарттар да бар: жүк көлігі аялдама мен сонда тоқтап тұрған автобусқа соғылған. Автобуста музейге экскурсияға бара жатқан зейнеткерлер болған.
Полиция оқиғаны теракт ретінде тергеп жатыр, алайда ресми түрде баға берген жоқ.
Израиль ақпарат құралдарының жазуынша, жүк көлігінің жүргізушісін полиция келгенге дейін қаруы бар азаматтық адам атып өлтірген.