Испанияның Валенсия аумағында су тасқынынан қаза болғандар 202 адамға жетті. Бұл жөнінде төтенше жағдай жөніндегі үйлестіру орталығына сүйенген BBC News хабарлады.
Испанияның төрт аймағында жауын-шашын мен қатты жел тағы жалғасуы мүмкін.
Құтқару операциясы әлі жүріп жатыр, бірқатар қалаларда су деңгейі түспеді деп хабарлады жедел қызмет. 150-ден астам жол жабылған.
30 қазанда Валенсия аумағында бір күнде 491 миллиметр жаңбыр жауған. Бірқатар аудандар үшін бұл бір жылдық мөлшер. Көшелерді су басып, үйлердің бірінші қабатына су кірген, көліктерді су ағызып кеткен.
Су тасқынына "Дана" дауылы түрткі болғаны айтылды. Жергілікті белсенділер билікті жағдайды бақылауға ала алмай отыр деп сынады. Қоғамдық ұйымдар мен кәсіподақ өкілдері Валенсияда 9 қарашада наразылық акциясын өткізбек. Ұйымдастырушылардың сөзінше, жергілікті билік тым сылбыр қозғалған, соның салдарынан көп адам зардап шеккен.