Сарыағашта жүрген өзбек және тәжік мигранттар депортациядан қауіптенеді
Your browser doesn’t support HTML5
Түркістан облысында жүзге жуық еңбек мигранты бірнеше күннен бері Сарыағаш аудандық әкімшілік сотының маңын торуылдап жүр. Жиналғандар — Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары. Оларды Қазақстан "Көші-қон заңнамасын бұзу" бабымен айыптап, істерін сотқа жіберген. Мигранттар "істер тым баяу қаралып жатқандықтан, кезек күн санап артып барады" дейді. Бірақ сот төрағасы істі барынша жылдам қарауға тырысып жатқанын, күніне сот кемі 100 істі қарайтынын айтты.