Reuters: АҚШ әскери мердігерлерге Украинада жұмыс істеуге рұқсат берді

АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі қорғаныс саласындағы мердігерлерге Украинада жұмыс істеуге рұқсат берді. Олар Пентагон берген қару-жарақтарды жөндеумен айналысады. Бұл жөнінде дереккөздерге сүйенген Reuters жазды.

Америка шенеунігінің сөзінше, мердігерлер саны аса көп болмайды және олар майданнан алыс жерлерде істейді, әскери қимылдарға қатыспайды.

Украинада мердігерлердің болуы АҚШ берген жабдықтар «бұзылған жағдайда тез жөндеуге» мүмкіндік береді» деді дереккөз.

Шенеуніктің сөзінше, Украинада мердігерлерді қорғау үшін Америка әскері қажет емес. Олардың қауіпсіздігіне Пентагонмен келісімшарт жасасқан украиналық компаниялар жауап береді.

Осыған дейін Киев АҚШ берген қару-жарақтарды жөндеу үшін өзге елдерге апаруға мәжбүр болған, кей кезде украиналық әскери қызметкерлер оларды қашықтан кеңес ала отырып жөндеуге тырысқан. Бірақ Украинаға F-16 және Patriot сияқты әуе қорғанысы жүйесін жеткізілгеннен кейін жөндеу жұмыстары күрделене түскен.