Байден мен Трамп Ақ үйде келесі аптада кездеседі

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байдан және сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трамп.

АҚШ-тың қазіргі президенті мен болашақ президентінің 13 қарашада кездесетінін Ақ үй хабарлады. Мерзімі аяқталып жатқан және жаңадан сайланған президенттердің мұндай кездесуі АҚШ үшін қарапайым тәжірибе саналады. Алайда республикашыл Трамп 2020 жылы сайлауда жеңілген кезде Байденді қабылдамаған.

Мұндай кездесу ішінара демократия жағдайында билікті бейбіт жолмен тапсыру процесінің басталуынан хабар береді.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трампты жеңісімен құттықтап, Ақ үйге шақырғаны хабарланған.

Бейсенбі күнгі сөзінде АҚШ президенті Джо Байден "биліктің бейбіт жолмен ауысуын қамтамасыз ету үшін барлық әкімшілікті оның командасымен жұмыс істеуге бағыттауға" уәде берген.

АҚШ Конституциясына сәйкес, жаңадан сайланған президент Дональд Трамптың инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді.

Жаңа сайланған президент ант бергеннен кейін бірден қызметке келіп, Ақ үйге көшеді.