"Өзін-өзі екі рет атқан". Түркістан облысында 18 жастағы сарбаз жерленді
Your browser doesn’t support HTML5
ҰҚК-нің Шекара қызметіне қарасты әскери бөлімде борышын өтеп жүргенде көз жұмған 18 жастағы Мұхамедияр Тастан өткен сенбіде Түркістан облысындағы өз ауылына жерленді. Ұлынан қапыда айырылып қалған әке-шешесі оның «өзіне-өзі екі рет оқ атқанына» сенбейді.