Норвегияда терроризм және жаппай адам өлтіру бабы бойынша 21 жылға сотталған Андерс Брейвик самайына Z таңбасын салып алды. Ол өзін мерзімінен ерте босату туралы өтініші қаралған сотқа сол күйде келді.
Сотталушы сот отырысына Ресей, сонымен бірге Ресейдің Украинаға қарсы ашқан соғысында қандай да бір дәрежеде орыс әскеріне көмектесіп жатқан Қытай, Иран, Солтүстік Кореяны қолдаған жазуы бар плакат әкелді.
"Мерзімінен ерте босап шыққан жағдайда не істейсіз?" деген журналистердің сұрағына ол "шетелге кетіп", "арнайы қызмет өкілдеріне әсіре оңшыл экстремизммен күресуге көмектесетінін" айтқан. Ол өзін "радикализацияның құрбанымын" деп атап, өзінің әрекетінен зардап шеккендерге өтемақы төлеуге уәде берген.
2022 жылы ақпанда да Брейвик түрмеден босап шығу туралы өтініш берген, бірақ сот өтінішін мақұлдамаған.
- Z – Ресейдің Украинаға басқыншылығын қолдау символы. Мұндай таңбаны кремльшіл акциялардан, пропагандистік плакаттар мен тауарлардан кездестіруге болады. Соғыс басталғалы бері аталған таңба ресейлік әскери техникалардан да жиі кездесетін болды. Аталған таңбасы бар плакаттарды, баннерлерді жыртқаны үшін Ресейде ондаған адамға қарсы қылмыстық іс қозғалған, алайда Ресей қорғаныс министрлігі аталған таңба ресми түрде соғыс символы емес екенін айтқан.
- Әсіре оңшыл көзқарас ұстанатын Андерс Брейвик 2011 жылы шілдеде Ослодағы үкімет ғимараттары орналасқан аумақта бомба жарып, сосын Утойя аралындағы жастар ұйымының жазғы лагерінде жаппай оқ атып, 77 адамды өлтірген. 2012 жылы 21 жылға сотталған.