Путин Ресей биыл Украинада 189 елдімекенді басып алғанын айтады

Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин биыл Украинаның 189 елдімекеніне бақылау орнатқанын мәлімдеді. Ол бұл сөзін 16 желтоқсанда қорғаныс министрлігінің кеңейтілген отырысында айтты. Бұған қоса Ресей қарулы күштерінің штаттағы қызметкерлері 1,5 млн өскенін, күніне 1500 адам қорғаныс министрлігімен келісім-шартқа қол қойып жатқанын мәлімдеді. Путин әскерилермен кездесуде 2024 жыл Украинадағы соғыстағы мақсатқа жетуде "маңызды жыл" болды дейді.

Соғыс уақытында Кремльдің мұндай мәлімдемелерін тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру қиын.

Ал Ресей қорғаныс министрі Андрей Белоусов "алдағы он жылда Еуропада НАТО-мен әскери қақтығысқа дайын болуымыз керек" деді. Бұған қоса Белоусов Ресейде дрон әскері пайда болатынын айтты.

Украинадағы соғыстағы адам шығынын ресми түрде айтпайтын Кремль бұл жиында бір минут үнсіздікпен майданда қаза тапқандарды еске алды.

Батыс елдері мен АҚШ-тың барлаушылары Украинадағы соғыста Ресей 600 мыңнан аса адамынан (қаза тапқандар мен жараланғандар) айтады. Бұған қарамастан Ресей әскери келісім-шартқа қол қойғандарға көп ақша беріп, майданға әкетіп жатыр. Сондай-ақ әскерге баруға келіспегендердің сыртынан келісім-шартқа қол қойғызып, соғысқа аттандырғаны жайлы да айтылған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Буфер аймағы және бітімгер күштер. Украинаның бейбітшілік жоспары қандай болады?