Курск облысындағы Рыльск қаласына ракетамен шабуыл жасалды. Қаза тапқандар бар

Курск облысы.

Ресейдің Курск облысы Рыльск қаласына ракетамен шабуылдан кемі алты адам қатап тапты, жараланғандар да бар. Бұл туралы Курск облысы губернаторының міндетін атқарушы Александр Хинштейн айтты. Ол шабуылға Украинаны айыптады.

Хинштейннің сөзінше, қаза тапқандардың арасында бір бала бар және он адам ауруханаға түскен.

Рыльск ауданының басшысы Андрей Белоусов журналистерге әлеуметтік инфранысандар, педколледж, мәдениет үйі, мектеп бүлінгенін айтқан. Белоусов та қаза тапқандар бар дейді. Бірақ биліктегілер неше адам қаза болғанын айтпады.

Mash телеграм-арнасы кемі бес адам қаза тауып, 26 адам зардап шекті дейді. Алдын ала ақпарат бойынша, Украина әскері Рыльск қаласын алты ATACMS ракетасымен шабуылдаған.

Рыльск қаласы Украинамен шекарадан 30 км жерде орналасқан. Медуза сайтының жазуынша, мұнда 15 мыңдай адам тұрады.