Ауғанстанда 13 кісіні мерт еткен жарылысты тәліптер өз мойнына алды

Ауғанстанның шығысында кеше 13 адамның өмірін қиып, елуге жуық кісіні жаралаған жарылыстың жауапкершілікті бүгін тәліптер өз мойындарына алатыны туралы мәлімдеме жасады.

Жарылыс жексенбінің кешінде Пактика провинциясының Бармаль ауданындағы құрылыс компаниясының аумағында, мина қойылған автокөлікте болған.

Қаза тапқандар мен жараланғандардың барлығы - құрылыс компаниясының жұмыскерлері. Жарылыс болған маңда ауғанстандық немесе шетелдік әскерилер болмаған.