Пәкістанда әл-Қаида белсенділерінің бірі ұсталғаны хабарланды

"Әл-Қаида" ұйымының Индонезиядағы өкілдерінің бірі саналатын Омар Патектің Пәкістанда ұсталғаны туралы хабар тарады.

Ол Индонезияның Бали аралындағы 2002 жылғы террорлық жарылысқа қатысты іздеуде жүрген. Сол жолы жарылыстан 202 адам қаза болған еді.

Әл-Қаида ұйымымен байланысы бар делінетін "Джемаа Исламия" радикалды қозғалысына жақындығымен танымал Омар Патектің қолға түскені туралы ақпаратты Индонезия және Филиппин барлау қызметтерінің екі өкілі растады деп хабарлады "Ассошейтед пресс" агенттігі.

Омар Патектің қалай ұсталғаны туралы әзірге белгісіз.