Жапонияның теңіз суында радиоактивті йод деңгейі жоғарылаған

Жапонияның ядролық және өнеркәсіп қауіпсіздігі агенттігі Фукусима атом электр стансасы жанындағы теңіз суында радиоактивті йод деңгейінің жоғары екенін мәлімдеді. Агенттіктің айтуынша, зілзала мен цунамиден зақымданған атом электр стансасы маңайындағы тұрғындар эвакуацияланған.

Жапония премьер-министрі Наото Кан Фукусимадағы дағдарысқа үкіметтің дайын тұрғанын мәлімдеді. Канның айтуынша, Фукусимадағы жағдайдың қалай өзгерерін болжап болмайды.