БҰҰ: "Әлем халқының үштен екісі әлеуметтік жағынан қорғансыз"

Баспанасыз үш жасар қыз бала. Карачи, Пәкістан, 13 қазан 2011 ж.

Біріккен ұлттар ұйымының жаңа баяндамасында қазіргі таңда жер бетінде тұрғын халықтың үштен екісі әлеуметтік қорғаудан шет қалып отырғаны айтылған.

Құжат авторларының деректері бойынша, әлемде бес миллиардтан астам адам зейнетақы қорын пайдалану, жұмыссыздық немесе нәрестелі болуына байланысты жәрдемақы алу сияқты және өзге де әлеуметтік қорғау шараларынан мақұрым болып отыр.

Әлем бойынша жұмыссыздардың тек 15 пайызы ғана әлеуметтік жәрдем көріп отыр екен.

БҰҰ сарапшылары әлеуметтік теңсіздік – қоғамда шиеленіс пен зорлық-зомбылықтың өрбуіне негізгі себептердің бірі екендігін атап көрсетеді.