Кот-д'Ивуар еліндегі ең үлкен қала Абиджанды президент Алассан Уаттараны қолдайтын қарулы күш қоршауға алып, қала көшелерінде ұрыс жүріп жатыр.
Бұған дейін Абиджанның іргесіндесі ірі әуежайдың әскери күзетінің басшысы елдің заңды сайланған президенті Алассан Уаттараның жағына шыққан соң, әуежай ұрыс-соғыссыз БҰҰ-ның бітімгершілік күшінің қолына өтті.
Оның алдында биліктен кетпей отырған президент Лоран Гбагбо әскерінің штаб бастығы генерал Филипп Мангу Гбагбоны қолдаудан бас тартты.
Ұзақ уақыт бойы Алассан Уаттараның штаб-пәтерін қоршап тұрған Гбагбо әскері енді ол жерде жоқ. Президент Уаттара Абиджанда коменданттық сағат тәртібі енгізілгені және мемлекеттік шекара мен елдің әуе кеңістігі жабылғаны туралы жариялады.
Кот-Д'Ивуарда былтыр қарашада өткен президент сайлауында Алассан Уаттараның жеңіске жеткенін әлем қауымдастығы мойындағанымен, елді он жыл басқарып келген Лоран Гбагбо биліктен кетуден бас тартты. Екеуін қолдаушылар арасындағы қақтығыстар салдарынан ондаған адам қаза тауып, соғыс отынан қауіптенген мыңдаған жан баспанасын тастап бассауғалауға мәжбүр болды.