Бүгін Йеменде тағы да шерулер өтпекші

Йемен астанасы Сана қаласында бүгін тағы да шерулер өтпекші. Шеруге ел президентін сынаушылар мен жақтаушылар екі бөлек шыққалы отыр.

"Саба" мемлекеттік ақпарат агентігі президент Әли Абдолла Салехтің қолдаушылары әр аймақтан ел астанасына келгенін хабарлады. Салехтің қарсыластары да шеруге қамданып жатқанын Би-би-си тілшісіне «Ислах» ислам партиясының жетекшісі Хамид әл-Хамар айтқан.

Оппозиция арасында жастардың көп екендігі байқалады, олар Санадағы университет маңына жиналып жатқаны айтылып отыр.

Бұның алдында, сәрсенбі күні Йеменнің бірнеше қаласында жүздеген адам көшеге шеруге шығып билікке наразылық білдірген еді.