Данияр Молдашев Минскіде екені анықталды

Оппозициялық «Голос республики» газетінің баспагері Данияр Молдашевтің аман-есен Минскіде жүргені хабарланды. Бұл туралы оның бауыры Асқар Молдашев Минскіге барған соң, газеттің заңгері Сергей Уткинге телефон соғып айтқан.

Осының алдында Асқар Молдашев полицияға ағасының жоғалғаны жайлы шағым түсірген. Бірақ полиция 31-ші наурызда таратқан баспасөз хабарламасында, Данияр Молдашевтің шабуылға тап болғаны немесе ұрланғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарған.