Байқоңырдан "Союз" ғарыш кемесі ұшырылды

Бүгін таңертең Байқоңырдан "Союз" ғарыш кемесі ұшырылды.

Халықаралық ғарыш станциясына ресейлік ғарышкерлер Александр Самокутяев пен Андрей Борисенко, америкалық астронавт Рональд Гаран аттанды.

12 сәуір - космонавтика күнінде станциядағы ғарышкерлер Юрий Гагариннің ғарышқа тарихи сапарының 50 жылдығын атап өтеді.