Бразилия мектебінде болған атыста кемінде 12 адам көз жұмды

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы мектептердің бірінде бейсенбі күні қарулы адамның атқан оғынан кемінде 11 оқушы қаза болып, жиырмаға жуық адам жараланған.

Құрбан болғандардың көпшілігі - осы мектепте білім алатын оқушы қыздар.

Полиция оқ атқан адам - бұрын осы мектепте оқыған 23 жастағы жігіт болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Күдіктінің өзі оқиға болған жерге келген полициямен атыс кезінде қаза болғаны хабарланды.

Ел президенті Дилма Руссефф құрбан болғандарды бір минут үнсіз еске алу рәсімінен кейін "бейкүнә сәбилердің өмірі мен болашағы қиылды" деп мәлімдеді.