Польша 2010 жылғы ұшақ апатының құрбандарын еске алып жатыр

Польша ел президенті мен элита мүшелерінің өмірін қиған ұшақ апатының біржылдығын атап өтіп жатыр. Смоленскідегі ұшақ апатынан құрбан болған 96 адамның 125-ке жуық туыстары мен Польшаның бірінші ханымы Анна Коморовская сенбі күні Мәскеуден Ресейдің батысындағы қалаға аттанды.

Өткен жылы сәуірдің 10-да Смоленскідегі ұшақ апатынан бұрынғы президент Лех Качиньский мен бірқатар министрлер және әскери қолбасшылар қаза тапқан болатын. Олар Катынь ауылына барып, Екінші дүниежүзілік соғысының басында өлтірілген поляк офицерлерін еске алу үшің бара жатқан еді.