Грузия мен Абхазия арасындағы шекарада үш адам опат болды

Ресейдің айтуынша, Грузия мен жікшіл Абхазия аймағының арасындағы шекараға жақын жердегі қақтығыстар барысында бір ресейлік сарбаз бен екі грузиялық азамат қаза болған. Ресей ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Федералдық қауіпсіздік қызметі ресейлік шекаралық бекетке шабуыл жасалды деген.

Грузия сыртқы істер министрлігі өлтірілген екі грузин елде іздестіріліп жатқан қылмыскерлер болатын дейді. Ал Ресей олардың қауіпсіздік агенттері болғанын айтады.

2008 жылдың тамыз айында жікшіл Оңтүстік Осетияға байланысты Ресей мен Грузия арасында соғыс болған еді. Осыдан кейін Мәскеу аталмыш екі жікшіл аймақты тәуелсіз елдер деп мойындады.