Ержан Қазыханов сыртқы істер министрі болды

Қазақстанның сыртқы істер министрі қызметіне Ержан Қазыханов тағайындалды.

Қазақстан Конституциясы бойынша, елдің Сыртқы істер мекемесінің басшысын Қазақстан президенті тағайындайды.

Қазыханов бұл министрлікте вице-министр қызметін осы жылдың ақпан айынан бері атқарып келе жатқан. Оның алдында Қазыханов Қазақстанның Австриядағы елшісі болған.