Адамзаттың ғарышқа ұшқанына 50 жыл толды

Адам баласының ғарышқа ұшқанына бүгін елу жыл толды.

1961 жылы сәуірдің 12-сінде совет ғарышкері Юрий Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа шықты.

БҰҰ Бас ассамблеясы өткен аптада 65-сессиясының арнайы жалпы отырысында сәуірдің 12-ін адамзат тұңғыш рет ғарышқа ұшқан халықаралық ресми күн ретінде белгіледі.