Минск жарылыс құрбандарын аза тұтып жатыр

Жарылыс құрбандарын еске алған жұрт метро станциясы алдына гүл шоқтарын қойып жатыр. Минск, 12 сәуір 2011 жыл.

Бүгін - Беларусь астанасында дүйсенбі күнгі жарылыс салдарынан құрбан болғандарды аза тұту күні.

Құрбандардың кейбірін бүгін жерлейді. Жарылыс болған жерге жұрт гүл шоғы мен шырақ қойып жатыр.

Ғимараттарға қара лента тағылған мемлекеттік тулар ілінді, апта соңына дейін қалада ойын-cауық шаралары өткізілмейді.

Сәуірдің 11-і күні Минск метросында болған жарылыстан 12 адам қаза тауып, 150-ге жуық адам жараланды. Президент Александр Лукашенко жарылысты "елді тұрақсыздандыру әрекеті" деп атады.

Кеше Беларусь бас прокурорының орынбасары Андрей Шведов метродағы жарылысқа қатысты бірнеше күдікті ұсталды деп мәлімдеді. Бірақ ол туралы басқадай мәлімет берген жоқ.