Қытайда БРИКС саммиті өтеді

Қытайда бүгін кешке дамушы елдер ұйымы - БРИКС-тің саммиті басталады.

Оған ұйымға мүше бес елдің - Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка мемлекеттерінің басшылары қатысады. Оның күн тәртібі қаржы-экономикалық және сауда байланыстарына қатысты мәселелерге арналады.

Осымен үшінші рет өткелі отырған саммитке Оңтүстік Африка толыққанды мүше ретінде алғаш қатысады. Бұл ел осы ұйымға өткен жылдың аяғында қабылданған.