Беларусь прокурорларының айтуынша, билік орындары Минск метросындағы жарылысқа қатысты екі күдіктіні қамауға алған. Олардың біреуіне "Октябрьская" станциясына бомбаны орнатты деген айып тағылып отыр.
Бас прокурордың орынбасары Андрей Шведтің мәлімдеуінше, күдіктілер - Беларусь азаматтары. Бұл туралы ол басқа егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.
Дүйсенбі күні Минскідегі метро станциясында болған жарылыстан 12 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жараланды. Бүгін Беларусьте аза тұту күні деп жарияланды.
Билік орындары Минскідегі шабуылды "лаңкестік әрекет" деп атады. Жарылысқа байланысты жауапкершілікті ешкім өз мойнына алмады.