Досқалиевке қатысты іс прокуратураға тапсырылды

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке қатысты қылмыстық іс прокуратураға тапсырылды деп хабарлады қаржы полициясы өкілі Мұрат Жұманбай. Оның айтуынша, Досқалиев пен оның адвокаттары іс материалдарымен таныcқан.

Жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталған бұрынғы министр 2010 жылдың күзінде қамауға алынған болатын.