2000-жылдардың басы еді.
— Апиратыр зәрідите!— Қайсар екі мың теңгелік купюраны екі саусағымен маңғаздана белінде сөмкесі бар жас қызға ұсынды. Оның даусынан өз өмірінің қожайыны екені сезілді.
Біраз уақыт өткен соң Қайсардың даусы тағы да шықты.
— Апиратыр зәрідите! — Бұл жолы да екі мың теңгенің көк қағазы. Көзі алаудай лаулап, азартқа шопағынан малынған Қайсардың бір қолында көпіршіген «Жигули», бір қолында будақтаған «Парламент».
Өстіп күн, кеш, түндер өтіп жататын. Кейде ұтып алған ақшасына Саинаға барып, бел босататыны болмаса, көбіне күннің аяғы былай бітетін.
— Аператыр зәрідите! — тап сол баяғы екі сөз, бірақ даусы таңертеңгісінен бірнеше октава жоғары шығып, талаптан гөрі сұрамсақ үнге көбірек келетін. Ал умаж-умаж екі жүз теңге созған қолындағы қармаудай өсінділері қайыр тілеген бейбақтың саусақтарындай мыжырайып кететін.
***
Бір күні Қайсарды көшеде көріп:
– Не болды – сол баяғы винджамер ма? – десем:
– Жоқ, – дейді.
«Ойбай, мынау адам болған екен» деп, респектімді айтайын деп:
– Маладес, Қайсар! – деп жатсам:
– Менің атым Эльдар болды, – дейді.
– Эльдары нес? – дедім таңданып.
– «Эльдорадо» ғой біздің мекен, – дейді.
Айтып отырғаны Алматының бұрыш-бұрышында қалталы-қалтасыз «лохтарды» бір жерге жинап, бауырына басатын, ал ақшаң таусылса, көттепкімен шығарып салатын «Эльдорадо» ойын автоматтарының желісі еді.
– Өткенде бір жетон тығып, бөшкі жардым. – Түрінде бір мақтаныш сезімі.
– Сонда қанша ұттың? – дедім мен ұтып жүргеніне сенімсіздікпен қарап.
– Үш мың теңгеге «Роял Флэш» ұстадым, – деді құдды Майкрософтың жарты акциясын сыйға алған адамша.
Түріне қарап, қанша тырыссам да, оны жолы болғыш адамға ұқсата алмаған мен:
– Ұтылғаның қанша? – дедім.
– Ой, ұтылдық қой біраз, – деді күлімсіреп. – Бірақ мен мойымайын, өмір алда – әлі талай ұтам! – деп қояды. Оптимист!
Бұл азартшылардың бір қызығы, ұтылғандары өмірі есінде қалмайды. Кеше ғана үйі мен қатынын бәске тігіп ұтылып қалса да, екі жыл бұрын «рулеткаға он доллар тігіп, 360 доллар ұтқанын» айтып, қарызға тағы ақша сұрайды. Сұрағанда да, үкіметтен ғылыми зертеулерге ақша сұраған ғалымдарша сұрайды: «Өй, ертең екі есе қылып қайтарам. Ертең емес, жүрші менімен бірге, қазір екі рет ұрам да көзіңше сытырлатып санап берем». «Бермейін» десең, біртүрлі өзіңді кінәлі сезіндіріп қояды: «Біләәә, братан, тап бүгін мнением шауып тұрғанда бермей қойғаныңды-ай!» Үнемі біреуден ақша сұрағанда оның чакралары ашылып, космостан біреу «мнение» тастап, «тап қазір ойнасаң, масть жүріп, бағың ашылады» дейтін сияқты.
Бәріне мақтанып, миллиардер болуына тек ставканы көтеретін миллионы жетпей тұрғанын айтып ақталады. Оқудан баяғыда шығып кеткен. Ауылға қайтуға бет жоқ: «Бірталай ақша көтерем, сосын миллионер болып барам». Атасының басы. Біреуге гоп-стоп жасап, ауылына қашып, бір-екі жыл тығылып, содан кейін арақ ішіп, алқаш боп кетті. Естуімше әлі күнге дейін бықсып алса болды, Эльдорадоға барып бір жетонмен Роял Флэш ұстағанын айтып, «бомба» жарғанын жыр қылады екен.
http://kozqaras.wordpress.com