Македония парламенті тарады

Бүгін Македония заң шығару жиынының спикері Трайко Вельяновски мерзімінен бұрын парламент сайлауы тағайындалатынын жариялайды.

Елде кезектен тыс сайлау өткізу қажеттігін айтып келген оппозициялық партия - Социал-демократиялық одақ соңғы үш ай бойы парламенттің жұмысына бойкот жариялаған соң, сәуірдің 14-інде парламент тарауға мәжбүр болды.