Назарбаев: Cолтүстік Африкадағы оқиғалар Қазақстанда ескеріледі

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдеуінше, Қазақстан Солтүстік Африка елдеріндегідей оқиғалардың алдын алу үшін барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындайды. Бұл туралы ол бүгін сенат отырысында айтты.

"Біз оңтүстік Африка елдеріндегі оқиғаларды ескере отырып, тиісті шараларды дайындауымыз керек", - деді Назарбаев.

Ол экономикалық және әлеуметтік жетілдіру бағдарламаларын ұсынғанын айтты.