БҰҰ: Ауғанстанға көбірек көмек болмаса 7 миллион адам аш қалады

БҰҰ Ауғанстанда азық-түлік тапшылығы 7 миллионнан аса ауғандықтың ашқұрсақ қалдыруы мүмкін деп ескертіп, қажетті көмек көрсету үшін 250 миллион доллар керек деді.

Бұл қаражат 30 миллион халқы бар Ауғанстанның төртен бір тұрғыны үшін керек. БҰҰ-ның Азық-түлік бағдарламасының есебі бойынша, аштық тауқыметін тартатындар әйелдер мен балалар болып отыр.

Ауғанстандағы бүлікшілер қақтығысы жаз айларында күшейіп кетіп, азық-түлік тасымалына кері салдарын тигізіп келеді.