Сирия президенті жаңа үкіметке жолдау жасайды

Бүгін Сирия президенті Башар әл-Ассад елде жаппай наразылықтар болып жатқанда, жаңа үкіметіне қайрылып, сөз сөйлемекші.

Премьер-министр Адель Сафар жетекшілігіндегі жаңа үкімет бірқатар реформалар жасайды деп күтілген. Оның ішінде Ассадтың "Баас" партиясы 1963 жылы билікті басып алғанда енгізген қатаң заңын алып тастамақшы.

Сирияның ақпарат құралдары жұма күні Хомс қаласы орталығында болған наразылық шараларында бір полиция қызметкері қаза тапты деп хабарлады.

Сирияның бірқатар қалаларында жұма намазынан шығып, елде реформа жасауды талап еткен он мыңдаған адам көшеге шыққан.