Клинтон Жапонияға қолдау көрсетті

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Жапонияға барып, зілзала мен цунамиден зардап шеккен бұл елге Вашингтонның қолдауын көрсетті.

Обама әкімшілігі наурыздың 11-дегі жер сілкінісі мен цунамиден кейінгі қайта құру әрекеттеріне қолынан келгенше көмектесуге уәде етті. Жапониядағы табиғи апаттан 28 мыңға жуық адам қаза болып, елдегі атом электр станциясы зақымданған болатын.