Батыс Қазақстан облысында тасқын су басқан елді мекендердің бірінен бір кісінің өлі денесі табылды деп хабарлады дүйсенбі күні Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Ресми ақпарат бойынша, Орал қаласы Деркөл кентінің тұрғыны, 1958 жылы туған ер адамның өлі денесін құтқарушылар «Родник» саяжай қоғамының аумағынан тауып алған. Марқұмның неден қаза болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тексеруі жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін өткен аптада Батыс Қазақстан облысында тасқын кезінде бір жасөспірімнің су кеткені туралы хабарланған еді.
Сәуір айының басынан бері көктемгі еріген қар суы мен қалың жаңбыр салдарынан жайылған тасқын су облыста бірқатар елдімекендерді басып, тоғыз мыңнан астам адам қауіпті аймақтан басқа жерге көшірілді. Облыс аумағында кейбір елді мекендерде электр қуаты, телефон байланысы мен газ тапшы болып отыр.
Үкімет қорынан су апаты мен оның салдарын жоюға 870 миллион теңге (6 миллион АҚШ долларына жуық) бөлінді.