Апат шыққан «Фукусима» АЭС-і реакторларына роботтар жіберілді

Жапонияда наурызда болған зілзала мен цунами салдарынан апат шыққан «Фукусима» АЭС-ін басқаратын оператор-компания роботтардың көмегімен ядролық реакторлардың ішкі бөліктерін зерттеу жұмыстары басталғанын хабарлады.

АЭС-тің №1 және №3 реакторлары орналасқан ғимаратқа екі робот жіберілген.

Роботтар олардағы радиация деңгейін тексеріп, реакторлар тұрған ғимараттардың ішінде сумен салқындату жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу адам өмірі үшін қауіпті ме, жоқ па - соны анықтайды.