Сирияда шерушілер мен полиция тағы да қақтығысты

Сирияның қауіпсіздік қызметі мен президент Башар Асадты қолдайтын қарулы адамдар Джабла қаласында шеруге шыққандарға оқ атып, кемінде тоғыз адамды өлтіргені туралы ақпарат тарап отыр.

Әскерилер қалаға сенбі күні Башар Асадқа қарсы шеру өтердің алдында кіргізілген еді.

Елдің оңтүстігіндегі Бенияс қаласында наразылық шеруіне шыққандар күрежолды жауып тастап, Джабладан әскер кетпейінше жолды ашпайтындарын мәлімдеген еді.

Жұма күні Сирияда кемінде 100 адам қаза болды. Елдегі жаппай халық толқуларының жалғасып жатқанына бес аптадан асты.