Қазақстанда басталған «мыстан аулау аңшылығы» елдегі саяси элитаны абдыратып тастады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «мен кез-келгеніңді қолыңнан ұстап, сотқа апара аламын» деп баяғыда айтқан, зілді ескертуінің ойын емес екеніне, олигархтар мен билік тізгінін ұстаған шенеуніктердің енді көзі жетті.
«Казатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің тұтқындалуының саяси себебі бар екені айтпаса да түсінікті. Әйтпесе, тұралап қалған компанияның жұмысын жандандырған азаматтың істі болуы - Қазақстанда ғана кездесетін парадокс. Мұхтар Жәкішев бұл компанияның жұмысын қолға алғанға шейін, атом саласының ел экономикасына пайда әкелетіні ешкімнің ойына да кіріп-шыққан жоқ. Саясаттанушы Досым Сәтпаев «Республика» басылымына берген сұхбатында «Казатомпромның» бұрынғы басшысының Мұхтар Әблязовпен жақсы қарым-қатынаста болғаны үшін, жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтыпты.
Әйгілі жазушы Франц Кафканың «Еңбекпен түзеу мекемесінде» атты әңгімесі есіңізде ме? Жазушының туындысында адам өлтіретін машинаның жақсы жұмыс істейтінін дәлелдегісі келген түрме басшысының, ақыр соңында оның астына түсіп өлетіні суреттеледі. Франц Кафка бұл шығармасында, жүйеге адал қызмет еткендердің де репрессиядан қашып құтыла алмайтынын көрегендікпен жазды.
Жақсыбек Күлекеев, Серік Бүркітбаев, Мұхтар Жәкішевтер – ойламаған жерден іске қосылған репрессиялық машинаның алғашқы құрбандары. Құрбандыққа шалулар алдағы уақытта да толастамайды. Елдегі болған соңғы оқиғалар, енді, мәдениет және ақпарат саласының тізгінін ұстаған шенеуніктерге де тықыр таянғандай әсер қалдырады.
Естеріңізде болса, осыдан үш ай бұрын «Время» газеті Мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарған Ермұхамет Ертісбаевтың кезінде, электрондық кітапхананың бағдарламасын жасау үшін бюджеттен бөлінген жүздеген миллион теңгенің далаға шашылғанын жазған-тұғын. Мақала жарық көргеннен кейін үш айдан соң, 27-ші мамырда Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл жөніндегі комитетінің бұрынғы төрағасы Ерден Қажыбек қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, қазақша-ағылшынша-орысша онлайн аудармашы-сөздікті шығаруға бюджеттен бөлінген қаржыны жымқырған деген күдікке ілінді. Егер Ақорда жақтан жеткен бейресми ақпарат расталса, мәдениет және ақпарат саласындағы «тазартулар» Ерден Қажыбекпен шектелмейді.
Өткен жұмада Қазақстан жазушылар одағының кезекті пленумы өтті. Оған Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің өзі қатысты. Қаламгерлер қауымы Астанадан арнайы ат басын тіреген министрмен кеңінен сөйлескісі келгенімен, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин пленумды тезірек аяқтауға асықты. Осылайша жазушылардың көбісі, министрге қойғысы келген сауалдарын үйлеріне арқалап қайтты.
Пленум аяқталған соң одақтың алдында, өткен жиынға көңілі толмаған, араларында мемлекеттік сыйлықтың иегерлері де бар, жазушылардың бір тобымен әңгімелесіп қалдым. Олардың айтуынша, былтыр Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік тапсырыспен шығатын кітаптардың, әр баспа табағына кем дегенде 100 мың теңгеден қаламақы төлеуге уәде берген. Осыған байланысты Үкіметтен қомақты қаражат та бөлінген. Алайда жеме-жемге келгенде, министрлік берген уәдесінде тұрмай, 15-20 баспа табақ шығарма жазған ақын-жазушыларға, бар-жоғы 100 мың теңгедей ғана қаламақы төлеген.
Осыған наразы болған қаламгерлер,енді мемлекет тарапынан бөлінген қыруар қаражаттың қайда жұмсалғанын сұрап, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шағымданып, хат жазбақшы екен. Әрине, бұл Ермұхамет Ертісбаев Мәдениет және ақпарат министрі болып тұрған уақытта орын алған оқиға. Дегенмен, егер іс насырға шапса, келесі құрбандық кім болар екен?