Қазақстанда «Тіл туралы» заң алғаш рет қабылданғанына биыл қыркүйектің 22-сінде 19 жыл толады. Алайда әлі күнге дейін өз дәрежесіне көтеріле алмай келе жатқан мемлекеттік тіл бүгінгі таңда қоғамдағы өзекті проблемаға айналды, ал үкімет бұл мәселені шеше алмай отыр дейді митингті ұйымдастырушылар.
Митинг алдағы жексенбі күні сағат 11-ден 12.30-ға дейін Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрының жанындағы алаңда өтеді.
Мемлекеттік тіл мәселесін митингте көтеруге елдегі бірқатар қозғалыстар мен саяси ұйымдар тарапынан қолдау танытты. Бұл бастамаға алғашқы болып үн қосқан 25 ұйымның арасында оппозицияда жүрген «Азат» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиялары, сондай-ақ «Ұлт тағдыры» қозғалысы секілді ұлттық ұйымдар да бар.
«Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім әртүрлі бағыттағы күштердің басын біріктірген тіл мәселесі үшін күрес бір митингпен бітпей, жалғаса беретінін айтты: