«Алма-Ата-Инфо» тәуелсіз газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов ағасы Мұқатай Есіргеповті билік кек қайтару мақсатымен түрмеге отырғызды, сөйтіп Қазақстанда туыстарды қудалау репрессиясы жалғасуда деп есептейді.
20 қазан күні «Алма-Ата-Инфо» тәуелсіз газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов әріптес журналистер алдында өзінің ағасы Мұқатай Есіргепов қолдан жасалған қылмыстық іс бойынша үш жылға заңсыз сотталды деп мәлімдеді.
Рамазан Есіргеповтың айтуынша, оның ағасы Мұқатай Өскемен қаласындағы «Теплострой» конкурстық өндіріс ЖАҚ-да заңгер болып қызмет еткен. Осыдан бір жыл бұрын прокуратура Мұқатай Есіргеповқа және «Теплострой» конкурстық өндірісінің басқарушысы Асхат Құдайбергеновке қарсы қылмыстық іс қозғады. Онда, бұл екеуінің «Союзтеплострой-сервис» ЖШС-нің құрылтайшысы Г.Ефремовке өндірістік базаны жекешелендіруге көмектесеміз деген уәде беріп, оны пара беруге мәжбүрлегені айтылған.
Рамазан Есіргеповтың айтуынша, оның ағасы Мұқатай Өскемен қаласындағы «Теплострой» конкурстық өндіріс ЖАҚ-да заңгер болып қызмет еткен. Осыдан бір жыл бұрын прокуратура Мұқатай Есіргеповқа және «Теплострой» конкурстық өндірісінің басқарушысы Асхат Құдайбергеновке қарсы қылмыстық іс қозғады. Онда, бұл екеуінің «Союзтеплострой-сервис» ЖШС-нің құрылтайшысы Г.Ефремовке өндірістік базаны жекешелендіруге көмектесеміз деген уәде беріп, оны пара беруге мәжбүрлегені айтылған.
«Алма-Ата-Инфо» газеті бас редакторының осы іс бойынша журналистерге берген материалында, прокуратураның Мұқатай Есіргеповке басқа да заң бұзушылықтар бойынша айып таққаны жазылған. Аталған құжатта көрсетілген деректерге сүйенетін болсақ, Мұқатай Есіргепов «Өскемен құрылыс материалдары комбинатының» басқарушысы болып жүріп, өзінің қызмет бабын жеке басының мүддесіне пайдалану арқылы оның қожайыны Тұраровқа 8 938 000 теңге шығын келтірген. (76 мың долларға таяу)
Осы және басқа да айыптаулар туралы айта келіп, Рамазан Есіргепов Шығыс Қазақстан облыстық сотының ағасы Мұқатай Есіргеповты үш жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығаруын әділетсіздік деп бағалады.
«Сотқа тапсырылған қылмыстық іске қатысты материалдарда оның кінәлі емес екені тайға таңба басқандай көрсетілген» – деп жалғастырды өз әңгімесін Рамазан Есіргепов. - «Ашығын айтар болсам, бұл маған қарсы жасалып отырған саяси арандатушылық. Мен, қоғамға танымал саяси қайраткер болмасам да, жиі-жиі мемлекет басшылығындағы шенеуніктерге қатысты түрлі мақалалар жарияланып тұратын газеттің бас редакторымын».
Одан соң, Рамазан Есіргепов «кейбір оппозиция жетекшілеріне деген жақсы көзқарасым және біздің газетте олар туралы жарияланып тұратын мақалалар билік басындағы кейбір лауазымды тұлғалардың ашу-ызасын қоздыратын болу керек» деп айтты. Сондай-ақ, ол президенттің бұрынғы құдасы Мұхтар Әлиевті қолдау туралы бір хатқа қол қойғанын мысалға келтірді.
"Ағама қатысты қозғалған қылмыстық істі маған қарсы жасалып жатқан әрекет деп түсінемін" - деді Рамазан Есіргепов. – «Біздің мемлекетте біреу үшін оның туысын жазалау жиі-жиі орын алып тұрады. Мен он жыл «Начнем с понедельника» газетін басқардым, одан кейін «Алма-Ата-Инфо» газетіне келдім. Мені Шығыс Қазақстан облысы мен Астана қаласында жақсы біледі. Ал кейбір адамдар осындай саяси лас тәсілдер арқылы мені жөнге келтіргісі келетін тәрізді» -дейді Рамазан Есіргепов.
Осы мәселеге байланысты Азаттық радиосының тілшілері Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша коллегиясына және Облыстық прокуратураға хабарласқанымен, ол жақтан қандай да бір мәлімет алудың мүмкіндігі болмады.