Шымкент ауруханасында балаларға жұққан ВИЧ дерті СПИД-ке ұласты

СПИД дертіне қарсы күрес белгісі. Көрнекі сурет.

СПИД дертіне ұласатын ВИЧ жұқпалы вирусы бүгінде әсіресе Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда өршіп отыр. Бұл туралы Венада өтіп жатқан халықаралық жиында айтылды. Ал Оңтүстік Қазақстанда ВИЧ жұқтырған 220 сәбидің 55-інде енді СПИД дерті анықталған.

ҚАЗАҚСТАНДА 15 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ВИЧ ДЕРТІМЕН АУЫРАДЫ


Қазіргі кезде басқа елдерге қарағанда, Орталық Азия «қорғаныш иммунитеті тапшылығы» ауруы кең етек жайған ең қауіпті аймақ болып отыр, бұл дабыл қағарлық жағдай делінген БҰҰ балалар қорының сейсенбі күні жарияланған баяндамасында.

ЮНИСЕФ қорының хабарына қарағанда, 2006 жылдан бері Ресейдің нақты бір аймақтарында СПИД дертіне әкелетін ВИЧ инфекциясын
жұқтырғандар 700 пайызға өскен. Украинада бұл көрсеткіш бұрынғымен салыстырғанда 1,6 пайызға ұлғайған.

Қазақстан аймақтағы халқы аз елдердің бірі екендігіне қарамастан, ВИЧ/СПИД дертіне шалдыққандар саны бойынша Орталық Азияда бірінші болып тұр. Бұл дертті жұқтырған науқас Қазақстанда ең алғаш рет 1987 жылы тіркелген. Содан бері елде ВИЧ/СПИД ауруынан екі жарым мыңнан астам адам көз жұмған.

СПИД дертінің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың деректері бойынша, биылғы шілде айының басына дейін Қазақстанда ВИЧ дертімен тіркелгендер саны 14812 адам болған. Ал СПИД ауруына шалдыққан 1102 науқастың 66-сы 14 жасқа дейінгі балалар.

ЮНИСЕФ қорының баяндамасында Ресей мен Украинада ВИЧ дертімен тіркелген балалардың көпшілігі тастандылар екені айтылған.


ВИЧ ВИРУСЫ
КЕЛЕСІ СТАДИЯҒА ҰЛАСТЫ

Ал Қазақстанда тіркелген балалар саны олардан да асып түскен. Осыдан төрт жыл бұрын Оңтүстік Қазақстанда 220 баланың ауруханадан ВИЧ індетін жұқтырғаны мәлім.

Олардың төрттен бір бөлігі СПИД стадиясына өткені жақында ғана мәлім болды деді Оңтүстік Қазақстан облысындағы балаларды
«Балаларды СПИД-тен қорғау» қорының президенті Жанетта Жазықбаева балалар үйіндегі науқас баламен. Шымкент, 22 мамыр, 2010 жыл.
СПИД-тен қорғау қорының президенті Жанетта Жазықбаева шілденің 20-сы күні Азаттыққа берген сұқбатында.

«Өткенде бізге республикалық СПИД орталығының бас дәргері Владимир Слесарьев келген. Сол кісі қазіргі таңда 55 бала СПИД стадиясына өтіп кетті деп хабарлады. Осыдан екі айдай уақыт бұрын ғана СПИД стадиясындағылар арасында бұл балалар жоқ, қазір олардың барлығы ВИЧ дертінің бірінші, екінші және үшінші стадиясында деп айтылған еді. Бірақ ол кісі келген кезде Оңтүстік Қазақстан облысында 55 бала СПИД стадиясында екені мәлім болды», – дейді Жанетта Жазықбаева.

ВИЧ дертіне шалдыққан балалар мен олардың ата-аналарын толғандыратын тағы бір көкейкесті проблема – науқас балалардың қоғамнан тыс қалмауы.

«Бұрынғы ТМД елдеріне қарағанда, оның ішінде Ресей, Украинамен салыстырғанда, ВИЧ індетіне шалдыққан балалардың ең көбі Қазақстанда екен. Оның өзінде Ресей мен Украинадағылар балалар үйінде тәрбиленіп жатқан тастандылар. Біздегідей вирусты ауруханадан жаппай жұқтырған жағдай болмаған. Біздің енді негізгі проблемамыз – қоғамнан балаларды шеттетпеу, балаларды сапалы дәрі-дәрмектермен емдеу», – дейді Жанетта Жазықбаева.

Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстанда ауруханадан ВИЧ дертін жұқтырған 220 баланың қазіргі күнге дейін 11-і шетінеген. Екі бала басқа облысқа көшіп кетсе, біреуін шетелдік азаматтар асырап алды. Тағы екеуі балалар үйіне тапсырылған.

АСҚЫНҒАН ДЕРТ, КҮМӘНДІ ДӘРІ

Жанетта Жазықбаеваның айтуынша, ВИЧ дертін жұқтырған балалардың қысқа мерзім ішінде СПИД індетіне шалдығуына не себеп болды деген сауалды ата-аналар Оңтүстік Қазақстанға барған денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке де қойыпты.

«Министр Досқалиев мырза Оңтүстік Қазақстан облысында жиналыс өткізгенде, жалпы балалар дәрі-дәрмегінің мәселесі шешімін таппай жатқаны айтылды. Осы уақытқа дейін төрт жыл бойы алып келе жатқан бренд дәрілерді неге бір мезетте арзан дәрілерге ауыстырған, бұл
СПИД вирусы.
балалардың денсаулығына әсер етуі мүмкін ғой деп, мәселе көтердік. Досқалиев мырза бірқатар ата-аналармен кездесіп, науқас балаларға қатысты осындай күрделі мәселелерді шешіп беруге сөз берген болатын», – деді Жанетта Жазықбаева.

Оның сөзіне қарағанда, биылға дейін ВИЧ індетін жұқтырған балалар бренд дәрілерді алып келген. Сапалы әрі қымбат тұратын сол дәрілердің орнына биыл басқаларын – патенттелмеген, арзан дәрілер бере бастаған.

«Жыл басынан бері, ата-аналарға айтпастан науқас балаларға дәріні алмастырушы, патенттелмеген басқа дәрілер бере бастаған. Өйткені келесі жылы осы дәрілерді біртіндеп қолданысқа енгізетін болады деген сыбыс шыққан. Әу баста ВИЧ дертіне шалдыққан балалардың СПИД стадиясына өтуі 10-15 жылға созылады деп айтылған болатын. Бірақ төрт жылдың ішінде 55 баланың СПИД-ке өтіп кетуіне әлгіндей сапасы төмен дәрілер берілуі түрткі болған жоқ па деген күдік туып отыр», – дейді «Балаларды СПИД-тен қорғау» қорының президенті әрі ВИЧ жұқтырған баланың анасы Жанетта Жазықбаева.

НАУҚАС БАЛАЛАР КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ

ЮНИСЕФ баяндамасында жұқпалы вирус бір инемен бірнеше адамның есірткі пайдалануынан, бейберекет жыныстық қатынас жасаудан
жұғатыны айтылған. Мұндағы үлкен мәселе, СПИД/ВИЧ дертіне шалдыққандар қоғамда масқара болудан қорқып, емделуге тырыспайды. Бір өкініштісі, айықпас дертті жұқтырғандардың арасында 12 жас шамасындағы балалар да аз емес.

Балалар қоры аймақтағы елдерде ВИЧ дертін жұқтырған жас балаларға көмекке жарымай келе жатқандығын айтады. Ал ем қабылдауға тырысып, ауру жайлы ақпаратқа көбірек қол жеткізгісі келген жастар әлеуметтік ортада қорлауға ұшырайды.

ЮНИСЕФ ұйымының атқарушы директоры Энтони Лэйктің айтуынша, қоғамда оқшауланып өмір сүріп жатқан жас балалар әлеуметтік көмек пен медициналық қолдауға мұқтаж. БҰҰ-ның балалар қоры Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы билік органдары осындай оқшауланып қалған адамдарға қызмет көрсететін орындар ашу керек деп есептейді.

КӨП ЖИЫННАН ӘЗІРГЕ НӘТИЖЕ АЗ

Венадағы конференцияда халықаралық қауымдастық СПИД дертіне тиісті дәрежеде назар аудармай отырғаны сынға алынды. Халықаралық СПИД қауымдастығының басшысы Хулио Монтанер дамыған және дамушы елдерді қауіпті дертпен айтарлықтай күрес
Халықаралық СПИД қауымдастығының басшысы Хулио Монтанер. Вена, Аустрия, 18 шілде 2010 жыл.
жүргізбей отыр деп сынады.

«Мен жақында аяқталған «үлкен сегіздік» және «жиырмалық» топтарының кездесулеріне қатысты өзімнің қатты наразылығым мен терең қынжылысымды жасыра алмадым. Онда СПИД-тен емделуге барынша қол жеткізуге қажетті толық жауапкершілік алынбады. Және ең маңыздысы, онда мыңжылдықтың даму мақсаттары ғана емес, алдағы қадамдар бекітілмеді. Өйткені, егер емге қол жеткізе алмаса, онда 2015 жылға дейін мыңжылдықтың даму мақсаттары да болмайды ғой», – деді Хулио Монтанер.

Ал АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон қазіргі экономикалық қиын кезеңде донор елдер осы мақсатқа өз ақшалары жұмсалмайынша, СПИД-ке көбірек қаржы бөледі деп күтпеу керек екенін ескертті:

«Көптеген елдерде өте көп ақша бірқатар жиын-кездесулерге қатысу үшін біраз адамға беріліп жатады», – деді Билл Клинтон.

Сол сияқты ЮНИСЕФ қорының біраз қаржысы Қазақстандағы ВИЧ дертін жұқтырған балалардың ата-аналарына да берілген. Олар жақында Украинада ұйымдастырылған жиынға барып қайтты дейді қазақстандық «Балаларды СПИД-тен қорғау» қорының президенті. Ол жиында жұқпалы дерттен емделу жағдайлары мен балалардың қоғамнан шеттетілмей өмір сүруін қамтамасыз ету мәселелері сөз болған.