Ақпан айынан бері Қарақалпақстанның астанасында қамауда отырған қазақстандық 27 азаматтың туған-туыстары өзбек заң орындары өздерін қапастағы туысқандарымен жолықтырмай қойғанын айтады. Ақтөбедегі заң мекемелері бұл істі басқа мемлекеттің ішкі шаруасы деп, шарасыздық танытып отыр.
Сәуірдің 17-і күні бір топ әйел, араларында 70-тен асқан қариялар да бар, ҰҚК Ақтөбе облыстық департаментіне арызданып келді. Олар ақпан айының соңынан бері Қарақалпақстанның астанасы Нүкіс қаласындағы тергеу абақтысында қамауда отырған туыс-жақындарын бостандыққа шығарып, елге қайтаруға жәрдем сұрады.
ҰҚК департаменті алдына келген 30-ға жуық әйелдің арасынан 3 әйелге ішке кіруге рұқсат берілген соң, олар өз өтініш-талаптарын басшылыққа жеткізді.
Аздан соң сыртта тұрған жұрт алында шыққан ҰҚК-нің өкілі өз басшылығының жауабын жеткізді:
Алайда, жиналған жұрт өз туыстарына тағылған әлгіндей айыптаулармен келіспейді.
Нүкіс түрмесінде отырған Батырбек Әбіловтың әйелі Набат Демесінованың айтуынша, 3 ай бойы жұмыссыз жатқан күйеуі, ақпанның 20-сы күні, Ақтөбенің шетіндегі, жұрт арасында «құл базары» аталып кеткен жерде тұрған жұмыссыздарға жақсы ақша төлеуге уәде еткен Жәнібек есімді адамға ілесіп кеткен.
Ол адам Шалқар ауданының Бозой елдімекенінен темір-терсек жинап келуге ұсыныс білдірген екен. Барлығы 30-дан аса жұмыссыз жігіт үй-ішіне бір ай Бозой даласында темір жинап, үлкен кешенді көшіретіндігін хабарлап, жолға асығыс жиналып, бірнеше жүк автокөліктеріне тиеліп, сол күні Шалқар бағытына жүріп кеткен.
Оларды жалдаған қандай мекеме, басшылары кім, қандай кәсіппен айналысатындығын туыстары да, жалданған адамдар да толық білмейді, жұмыс берушімен арада жазбаша келісімшарт жоқ.
Бірнеше күн өткенде, әлгі кеткендерден аз ғана адам Ақтөбеге қайтып келген. Олардың айтуынша, ақпанның 26-сы күні олар адасып жүріп, Өзбекстан аумағына өтіп кеткендерін байқамаған. Тек өзбек шекарашылары оқ атып, қоршай бастағанда, топ соңында келе жатқан Мұхтар Қамбаров бірнеше жігітті өзінің «Камаз» жүк көлігіне мінгізіп қашып үлгерген.
Қалған 27 адамды өзбек шекарашылары ұстап қалған. Елдегі олардың туыстары Бозой сапарын ұйымдастырған әлгі Жәнібек деген адамның кім екенін де анықтай алмай отыр.
Әуелгі кезде абыржыңқырап қалған жұрт облыстық прокуратура, көші-қон полициясына, облыстық ішкі істер департаментіне арызданғанымен, жергілікті құқық органдары ақтөбеліктер басқа мемлекеттің аумағын заңсыз кесіп өткендіктен, ол іске араласа алмайтындықтарын ашып айтып, арыздарын қабылдамай қойған.
Темір теріп табыс табуға кетіп, өзге мемлекетте темір тордың ар жағынан бір-ақ шыққандардың туыстары Нүкіске барғанымен, оларды ұсталғандарға жолықтырмапты.
«Нүкісте менің ұлым жатыр. Сәуірдің басында 7 адам жиналып, сонда бардық. Қамаудағы жақындарымызбен кездестіруді сұрадық, бірақ жолықтырмады. Сол жердің прокурорына арыз жаздық. Ол арыздың бір ай ішінде қаралатынын айтты.
Апарған тамағымызды да бере алмадық. Бар білгеніміз, түрмеде 15 адам ғана жатыр деп, солардың тізімін көрсетті. Біз барлығы 27 адам емес пе, басқалары қайда деп жанұшырғанымызбен, олар тіпті сөйлескен де жоқ.
Өзбекстандағы біздің елшіліктің адамдары қауіпсіздік министрлігінің басшысымен сөйлеспек болып еді, ол «мен сенімен сөйлеспеймін» деп, жолатпады», – деді Жібек Аяпова.
Оның айтуынша, өзбек жағы ақтөбеліктерді шекарадан заңсыз өтіп, ұрлық жасаған деген айып тағып отырған көрінеді.
«Олар ақпанның аязды боранында адасып жүріп кіріп кеткен. Егерде, шекара бойында не Қазақстанның, не Өзбекстанның шекара белгілері тұрса, мұндай жағдайға ұрынбас еді», – дейді Жібек Аяпова.
Нүкіс түрмесінде жатқандардың арасында үйлерін банкке кепілдікке қойып, несиеге «Камаз» көліктерін сатып алғандар да бар екен. Оларды ұстағанда сол көліктерін де алып қойған.
Туыстарының айтуынша, Нүкісте қамауда отырғандарға қатысты тергеу ісі әлі бірнеше айға созылуы мүмкін.
ҰҚК департаменті алдына келген 30-ға жуық әйелдің арасынан 3 әйелге ішке кіруге рұқсат берілген соң, олар өз өтініш-талаптарын басшылыққа жеткізді.
Аздан соң сыртта тұрған жұрт алында шыққан ҰҚК-нің өкілі өз басшылығының жауабын жеткізді:
Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер Нүкісте қамауда отырған ақтөбелік 27 азаматтың ісін "өзге мемлекеттің ішкі мәселесіне" жатқызды. Ақтөбе, 17 сәуір 2009 ж.
«Департамент бастығы келгендерді қабылдап, жағдайды түсіндірді. Біз басқа мемлекеттің ішкі істеріне араласа алмаймыз, себебі, біздің азаматтар Өзбекстан Республикасы аумағында қылмыстық іс жасады деген күдікке қалып отыр», – деді, өзін Виталий деп қана таныстырған, қауіпсіздік мекемесінің қызметкері.Алайда, жиналған жұрт өз туыстарына тағылған әлгіндей айыптаулармен келіспейді.