Атырау облысының Ішкі істер департаменті аймақтағы тілшіміз Сәния Тойкенге әлімжеттік көрсетілгенін мойындап, одан кешірім сұрады. Кәсіби жұмысын атқаруға кедергі келтірген жергілікті полиция 25 ақпан күні журналистің фотоаппаратын күшпен тартып алып, билік өкілдеріне жақпайтын суреттерді өшіріп тастаған болатын.
Сейсенбі күні осы оқиғаға байланысты Азаттық радиосына Атырау облысының Ішкі істер департаментінен ресми хат келді. Департамент бастығының міндетін атқарушы Ж.Олжабаевтың қолы қойылған хатта былай деп жазылған:
«Атырау облысының Ішкі істер департаменті «Азаттық» радиосының сайтында жарияланған «Атыраудағы Азаттық тілшісіне әлімжеттік көрсетіліп, полиция фотоаппаратын тартып алған» атты мақаласымен танысты.
Жүргізілген тексеруге сәйкес оқиғаның шын мәнінде орын алғаны анықталды. Аталған фактіге байланысты қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізілуде, қорытындысы туралы қосымша хабарланады.
Сонымен қатар, Ішкі істер департаменті «Азаттық» радиосының тілшісі Сәния Тойкеннен кешірім сұрайды».
25-ші ақпанда «Алға» партиясы өкілдерін жергілікті полицияның ұстаған сәтін фотоға түсіру кезінде тілшіміз Сәния Тойкеннің кәсіби жұмысына кедергі жасалып, күш көрсетілген болатын.
Атырау облыстық ісшкі істер департаментінің Азаттық тілшісіне жолдаған хаты. Атырау, 3 наурыз, 2009 жыл.