Бақытжамал Бектұрғанова бастаған билікке жақын әлеуметтанушылардың жүргізген сауалнама қортындысы бойынша, Қазақстанда 2009 жылғы үздік саясаткер және дағдарыс кезіндегі ең үздік басқарушы атағына Нұрсұлтан Назарбаев лайық деп танылды. Насихат барған сайын күшейіп келеді.
«ШЫДАУҒА БОЛАДЫ»
Желтоқсанның 15-күні Алматыдағы саяси шешімдер институтының мамандары өздері жүргізген сауалнама қортындысын жариялады. Жиыны 2300 адам қатысқан бұл сауалнама Қазақстанның 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларында жүргізілгені айтылды. Нәтижесінде оған жауап берген азаматтардың басым көпшілігі, яғни 51,4 пайызы жылдың үздік саясаткері деп президент Назарбаевты атаған. Ал жылдың маңызды оқиғалар қатарына президенттің халыққа жасаған жолдауын жатқызған. Алайда мұндай мәліметтерге
Саяси шешімдер институтының сарапшылары Бақытжамал Бектұрғанова (оң жақта) мен Санжар Боқаев. Алматы, 15 желтоқсан 2009 жыл.
кейбір азаматтар сенбейтін айтып отыр. Қазақстанның 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, азаматтардың 56,3 пайызы экономиканы тұрақтандырған саясаткер әрі дағдарыс кезіндегі ең үздік басқарушы ретінде президент Назарбаевты таныған.
- Ең маңызды жыл оқиғалары қатарына «Жол картасының» бірінші кезеңінің аяқталуы, Кедендік одақ құру, сонымен қатар президенттің жолдауы, президенттің тікелей эфирдегі телефорумы жатады, - дейді Саяси шешімдер институтының директоры Бахытжамал Бектұрғанова.
Дағдарыс кезінде ірі қалалардағы әлеуметтік көңіл-күйдің қандай екендігі туралы айтқан бұл сарапшылар қазақстандықтардың 64,6 пайызы жағдай айтарлықтай нашар емес, өмір сүруге болады, өмір сүру қиын болса, шыдам танытуға болады деген ұстаныммен келе жатқанын айтып отыр.
.
ЖАҢАӨЗЕН АРАЛАСПАҒАНДА ТӘП-ТӘУІР НӘТИЖЕ БОЛАР ЕДІ
Бұған қоса осы мамандардың пікірінше, қазақстандықтардың арасында төзімділік танытқандар саны кеміп отыр. Ал алаңға шығып наразылық білдіруге дайын азаматтардың саны өсе түскен, яғни зерттеу сұрақтарына жауап бергендердің 34 пайзысы түрлі наразылық
Оңнан солға қарай: Саяси шешімдер институтының сарапшылары Ирина Черных, Бақытжамал Бектұрғанова, Санжар Боқаев және Алмас Садықов. Алматы, 15 желтоқсан 2009 жыл.
акциясына қатысып, әртүрлі құжаттарға қол қоюға дайын.- Қазақстандықтардың мұндай көңіл күйде болуына, менің ойымша, Батыс Қазақстандағы жағдай әсер етіп отыр. Желтоқсан айында сауалнамаға қатысқан азаматтардың 40 пайызы экономиканың тұрақты болып келе жатқанын айтты, бұл бұрынғы көрсеткіштерге қарағанда 1,8 есе экономикалық жағдайдың берген бағанын жақсарғанын көрсетіп отыр. Батыс Қазақстанның наразылық ошағы Жаңаөзен болып отыр. Бұл қаладағы жағдай оның әлеуметтік дамуына мүмкіндік бермей отыр. Мұндай жағдай үкіметтен шұғыл түрде шара қабылдауды қажет етеді, - дейді Бақытжамал Бектұрғанова.
Сауалнамаға қатысқан Жаңаөзен азаматтарының 82 пайызы жергілікті билік жағдайды бақылаудан шығарып алды, тұрақсыздық орын алды деп есептейді екен. Бақытжамал Бектұрғанованың сөзіне жүгінер болсақ, егер Батыс Қазақстандағы жағдайда есепке алмағанда, 2009 жылға арналған Қазақстанның көрсеткіштер кемшіліксіз болар еді.
ОППОЗИЦИЯЛЫҚ ЖУРНАЛИСТІҢ КҮМӘНІ
Алайда Саяси шешімдер институтының деректеріне елдің бәрі бірдей сене бермейді. Олардың арасында белгілі оппозициялық журналист Ермұрат Бапи да бар. Ол бұл зерттеулердің шынайылығына күмәнданатындығын айтады.
- Мен Бақытжамал Бектұрғанованың жасайтын сауалнамасына осыдан 5-6 жыл бұрын сенетінмін. Ол кезде оның зерттеулері бұдан әлдеқайда әділетті, әлдеқайда ғылыми негізделген және тәуелсіз сауалнама болатын. Ал кейіннен Бақытжамалдың институты өз бағытын өзгертті және биліктің ықпалымен жұмыс істейтін болды. Сондықтан қазіргі Бақытжамалдың жасап жатқан қортындылары биліктің саяси технологтарының және ішкі саясат бөлімдерінің айтуымен, солардың сілтеуімен жасалған қорытынды деп есептеймін, - дейді журналист Ермұрат Бапи.
Оппозициялық журналист өз сөзіне мысал ретінде саяси партиялардың рейтингісін айтады.
- Бақытжамал Бектұрғанованың зерттеулері бойынша, «Ақ жол» партиясы президенттік «Нұр Отан» партиясынан кейін екінші орында тұр, ал шынтуайтында жағдайдың дәл осылай екендігіне адам сенбейді, «Ақ жол» партиясы деген әлдебір қоғамдық шара өткізді дегенді естіп көрген жоқпыз. Ешқандай қозғалыссыз жатқан ұйым қалайша ол «Нұр Отан» партиясынан кейін екінші орында тұрады? Менің осыған таңым бар, - деді Ермұрат Бапи.
Естеріңізге сала кетсек, 1990 аяғы мен 2000 жылдардың басында Бақытжамал Бектұрғанова Алматы әлеуметтанушылары мен саясаттанушылары қауымдастығын басқарған. Бұл қауымдастық түрлі зерттеулер жүргізіп, халықтың әлеуметтік жағдайын зерттеп отыратын.
Ол кезде Бахатжамал Бектұрғанованың зерттеулерінде жұртшылықтың радикалды көңіл-күйі жиі айталатын. Уақыт өте келе бұл қауымдастықтың мәліметтері өзгеріп, Қазақстандағы жағдай Астанаға ұнайтындай етіп баяндалатын болды.