Америка Құрама Штаттарының президенті Барак Обама 4 маусымда Қаирге барысымен, барлық мұсылман әлеміне көптен күткен үндеуін жарияламақ. Америка президентінің алдағы бұл сапары турасында пікір мен көзқарастар да әрқилы.
«ТЕРРОРҒА ҚАРСЫ СОҒЫС» ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДАН БАС ТАРТЫЛАДЫ» ДЕП КҮТІЛУДЕ
Ақ үйдің баспасөз-хатшысы Роберт Гиббс Барак Обама Америка Құрама Штаттары мен мұсылман мемлекеттері арасындағы қатынасты жақсартуға бағытталған ұмтылысы мен ниетін көрсетуге тырысады атап өтті.
Америка президенті, сонымен бірге, талқандауыш ислам экстремизмімен байланысты қиыншылықтар туралы, Иранның ядролық амбициясы мен палестина-израиль жанжалы туралы да айтады деп болжап отыр кейбір шолушылар.
Азаттық радиосының Қаирдегі тілшісі хабарлағандай, Египет астанасында Америка президентінің алдағы жасалар үндеуі белсенділікпен талқылауда.
Құрама Штаттары әлемдегі барлық мұсылмандармен «құрметтеу тілінде» сөйлеседі деп Барак Обама бірнеше мәрте нақты мәлімдеген.
Бірақ, осыған қарамастан, ислам әлемінде оның алдағы болар үндеуіне қатысты бір-біріне қарама-қайшы түрліше көзқарастар қалыптасқан. Қаирдегі стратегиялық және саяси зерттеулер орталығының талдаушысы Имад Джад Америка президентінің болашақтағы сөзін былайша бағалайды:
«Көптеген адамдар Барак Обаманың сапары мен сөзі арабтармен және ислам әлемімен қарым-қатынастағы жаңа бетті ашады деп күтуде.
Америка президенті жақындасудың жаңа түрін және «террорға қарсы соғыс» терминологиясын пайдаланудан бас тартуды ұсынады деген ой бар».
Сонымен бірге, Барак Обама Таяу Шығыстағы жанжалдың өзегі болып отырған Палестина проблемасының саяси шешімін түсінетіндігін байқатады деп күтілуде.
Өз кезегінде, Барак Обама Американың ислам әлемімен қарым-қатынасы тек палестин-израиль жанжалы тұрғысынан ғана қаралмайтындығын атап көрсетті.
Оның пікірінше, шынайы жағдай, Иран, Сирия, Ливан, Ауғанстан және Пәкістан мемлекеттерінде болып отырған кешенді проблемаларға байланысты анағұрлым күрделірек.
Бұл жерде Барак Обама Таяу Шығыстағы бейбітшілікті қалпына келтіруге қатысты алғашқы қадамын жасады. Ол оккупацияланған Палестина аумақтарындағы Израиль мекендерінде жүргізіліп жатқан барлық құрылыс жұмыстарын тоқтату туралы Израильге үндеу тастады. Бірақ, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл үндеуді қабылдаған жоқ.
Араб елдерінің көптеген басшылары палестин-израиль жанжалы ислам әлемі мен Құрама Штаттар арасындағы қарым-қатынасты жақсартудың шешуші түйіні деп қайталаудан танар емес.
Таяу Шығыстағы сарапшылар кейбір араб мемлекетінің қайраткерлері бұл жанжалды олардың елдеріндегі демократияның тапшылығы мен басқа да саяси проблемалардан назарды бұру үшін пайдаланады деп ескертеді.
«...МҰСЫЛМАН ЕЛДЕРІНДЕГІ ЕРКІНДІК ПЕН ДЕМОКРАТИЯ ЖЕТІМСІЗДІГІН СЫНАУҒА КӨБІРЕК ҚҰҚЫ БОЛАДЫ»
Стамбулдық «Гарриет Дейли Ньюс» газетінің саяси шолушысы Мұстафа Акиол Барак Обамаға өзінің алдында басшылықта болған Джордж Буш әкімшілігі кезінде орын алған оқиғаларға байланысты Құрама Штаттарға қатысты жағымсыз көзқарасты сейілтуге тура келеді дейді.
Бұлардың қатарында Ираққа басып кіруді, Таяу Шығыстағы бейбіт процестің толық күйреуі, ислам жауынгерлері ұсталып отырған Америка түрмелеріндегі азаптаулар жайындағы хабарларды айтуға болады.
Мұстафа Акиол Азаттық радиосына берген сұхбатында, сонымен бірге, ислам әлемі өз кезегінде демократия мен өте төмен деңгейдегі адам құқына қатысты өзінің кемшіліктерін сын тезінен өткізуі керек деп атап өтті.
«Мұсылмандардан демократия мен адам құқының тапшылығы туралы сұрағанда, олар шынында мұндай проблемалар бар шығар деп жауап береді.
Бірақ, дәл осы кезде олар Батыс елдері жүргізіп отырған халықаралық саясатқа байланысты сұрақ қоя бастайды. Міне сондықтан да, Батыс үшін, әсіресе АҚШ үшін оларға шынымен де әділеттілік принципін қорғап отырған мемлекеттер ретінде қараудың қаншалықты маңызды екендігі осында.
Сонда ғана Құрама Штаттарға мұсылман елдерінде еркіндік пен демократияның тапшылығы туралы сын айтуға көбірек құқылы болады», - дейді Мұстафа Акиол.
«МҰСЫЛМАНДАР САНАНЫ ӨЗГЕРТУЛЕРІ ҚАЖЕТ...»
Исламда жеке адамның құқына қарағанда негізгі екпін қауымның құқын қорғауға бағытталатынын Мұстафа Акиол мойындайды.
Мұстафа Акиол ары қарай былай деп жалғастырады:«Мұсылмандар саналарын өзгертулері қажет. Мысалы, бір діннен екіншісіне өту жағдайы сияқты проблемаларда жеке адамның пікірін құрметтеуі керек.
Кейбір мұсылман елдерінде бір адам исламнан христиандыққа өтсе, оны қудалай бастайды. Ең жұмсарта айтқанда, оған достары мен туыстары сатқын деп қарайды.
Сөз жоқ бұл көзқарас өзгеруі керек. Президент Обама немесе тұтастай Батыс елдері мұндай өзгерістер болады деп күтер болса, дұрыс істейді».
«ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ АРТЫҚ САНАҒАНЫМЕН ДЕМОКРАТИЯҒА ЗИЯН КЕЛТІРГЕН АМЕРИКА ӘЛЕМГЕ КӨМЕКТЕСЕ ҚОЙҒАН ЖОҚ»
Басқа бір сарапшы, вашингтондық «Форин полиси» (Foreign Policy) журналының редакторы Блейк Хоуншелл Барак Обама сапарының тағы бір аспектісін атап өтеді:
«Бұл Барак Обаманың осыған дейін жасап келген үндеулерінің арасындағы ең бір қиыны болмақ. Ол Джордж Буш сияқты кезекті бір президент еместігін дәлелдеуі керек. Өйткені, ислам әлеміндегілердің көпшілігі ол туралы осылай деп ойлайды.
Ол көпшілігі диктаторлар болып табылатын көптеген аймақтық басшылармен сөйлесуі керек. Сөйтіп, Таяу Шығысты бүгінгі қолайсыз жағдайынан алып шығуы керек».
Соңғы 50 жылдың бедерінде Америка Таяу Шығыстағы диктаторларға қолдау көрсетуді әдетке айналдырған. Вашингтондағы біраз адамдар Америка мұндай әрекетті тоқтатуы керек деп есептейді. Олардың дауысын Барак Обама қаперге алуы керек деген сөзінен таймайды Блейк Хоуншелл.
«Құрама Штаттар Таяу Шығыстаға деспоттық билеушілерді қолдайды. Ондай елдердің болуы, әрине, Американың кінәсі емес. Әлемде диктаторлар билеп отырған, бірақ Вашингтонмен жақсы қатынасы жоқ елдер де бар ғой. Мысалы, Сирия, Алжир. Демократияны аяққа баса отырып тұрақтылықты жақтаған Американың әлемге көмектесе қоймағаны түсінікті».
Египет жазушысы Фахми Хуваиди мүлдем басқа пікірде. Ол Обаманың Қаирге сапары шынайы өзгерістер әкеле қоймайды деп санайды.
Египеттегі барынша ықпалды, оппозициялық «Мұсылман бауырлар» атты топ Вашингтонның арабтарға, бүкіл ислам әлеміне қатысты саясаты түбегейлі өзгермейінше, Барак Обаманың Қаирдегі сөзінен ешқандай пайда болмайды деп есептейді.
ИСЛАМ ӘЛЕМІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР
Әлемде қанша мұсылман бары туралы нақты деректер жоқ, дегенмен олардың саны шамамен 1,5 миллиард адамға жетеді деген болжам айтылады.
Британ энциклопедиясының деректері бойынша:
– Индонезияда - 170 миллион, Пәкістанда - 136 миллион, Бангладеште - 106 миллион, Үндістанда - 103 миллион, Түркияда - 62 миллион, Иранда - 60 миллион, Мысырда 53 - миллион, Нигерияда - 47 миллион және Қытайда 37 миллион мұсылман тұрады;
– Халықаралық деңгейде мұсылмандардың басын біріктіретін Ислам конференциясы ұйымына 57 мемлекет мүше;
– Араб елдері әлем мұсылмандарының 15 пайыздайын құрайды;
– Халқы толықтай немесе тұрғындардың басым бөлігі (99,5 пайыз және одан да көп) ислам дінін ұстанатын елдердің қатарына Бахрейн, Комор аралдары (Үнді мұхиты), Мальдив, Мавритания, Марокко, оман, Катар, Сауд Арабиясы және Тунис мемлекеттері енеді.

Ауғанстан презденті Хамид Қарзай, АҚШ президенті Барак Обама, Пәкістан президенті Асиғ Әли Зардари Вашингтондағы кездесуде. 6 мамыр, 2009 жыл.