Бұның бір дәлелі - Қытай Орталық Азияның энергетикалық инфрақұрылымына белсене араласып, экспорт жолдарын өзіне бұра бастады. Әзірге әркім қалағанын иеленіп жатқан соң, екіжақты байланыс тиімді болып көрінеді.
БЕЙЖІҢНІҢ ТӘБЕТІН АШҚАН ЕН БАЙЛЫҚ
Қытай өзінің экономикалық мүдделерін алға жылжытып, Орталық Азияның энергия көздерін иемденіп қалуға әрекет етіп жатыр. Орта Азия болса артта қалған инфрақұрылымын жақсарту үшін Қытай инвестициясына есігін айқара ашуға мәжбүр.
Бірақ, бәрі кедергісіз жүріп жатқандай көрінгенімен, бұл шаралар ұзаққа бармайтын сияқты. Өйткені Орталық Азия елдері өзара келісімдерде Бейжің үшін маңызды рөл атқаратын қытайлықтармен жеке жұмыс жасап, шекаралық аймаққа қажетті дипломатиялық тепе-теңдікті құрғысы келеді.
Энергия көзінің тапшылығы Қытай экономикасына төнген үлкен қауіптің бірі, сондықтан қытайлық компаниялар әлемдегі бірқатар
Единбургтегі бұрынғы Совет Одағының мұнай-газ мониторингісінің сарапшысы Дженифер Дилэй Қытай экономикасының өсімі ғаламдық дағдарыс кезінде тежеле қоймады, қажетті энергия көзін алу мен соңғы жылдардағы газ импорты елдің экономикасын бірқалыпты ұстап тұрды дейді.
Дилэйдің айтуынша, Қытай қазірдің өзінде күніне 4,1 миллион баррель мұнай тұтынады, оның жартысынан көбі импортпен келеді. Табиғи газ импорты қазіргі тұтынудың 11 пайызын құрайды.
Қытайдың оңтүстігіндегі көршілерінде, оның ішінде Вьетнамда мұндай мүмкіндіктер жоқ. Дженифер Дилэй Қытайдың Мьянмамен арада мұнай-газ құбырларын тарту жоспарлары туралы да айта келе, бұл жоба 2012 жылға дейін іске қосыла қоймайды деп отыр. Оның қолында бар деректеріне қарағанда, қаңтар айында Қытайға шетелдік мұнай танкерлері ішкі сұраныстың 80 пайызына тең шикізат жеткізген.
Бұл тұрғыда Қытайдың бақытына орай, энергия көзіне бай Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан Совет Одағы құлағаннан бері мол мүмкіндік ашып отыр.
ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ҚЫТАЙ РЕСЕЙДЕН ОЗДЫ
Бұл саладағы ынтымақтастық 1996 жылы сәуірде Қытай мен ТМД елдері арасында жасалған сенім таныту келісімінен басталды. Оған Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан қатысты. Кейін тағы Өзбекстан қосылып, экономикалық және қауіпсіздік салаларын қамтыған құжат Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құруға негіз болды. ШЫҰ-ның экономикалық және сауда келісімдері арқылы Қытай он жылдан аз уақыттың ішінде Орталық Азияның энергетикалық ресурстар нарығына ендей кірді.
Қытайдың ұлттық мұнай-газ компаниясы Орта Азиядан ең бірінші маңызды энергетикалық келісім шартты 1997 жылы Қазақстанмен жасады. Тараптар қазір іске қосыла бастаған Батыс Қазақстаннан Қытайға дейін 2,238 шақырым болатын мұнай құбырын салу жөнінде
Бұл екі мұнай-газ құбыры Қытайдың Орталық Азияға ықпалының өсе түскенін көрсетіп отыр. Бірақ Қытайдың бұл аймақтағы мүддесі орта азиялық әрбір елмен осындай байланыс құру.
Қытайдың ұлттық мұнай-газ компаниясы Өзбекстанның шығысы мен батысындағы және Арал теңізі аймағындағы мұнай-газ кеніштерін дамытуға көмектесіп жатыр. Қытайдың инвестициялық корпорациясы 939 миллион доллар төлеп «ҚазМұнайГаздың» 14,5 процент акциясын иемденді.
Түркменстан мен Қытай арасындағы газ құбырынан бөлек, қытайлық PetroChina компаниясы Қазақстанның батысынан Қытай шекарасына дейін тағы бір газ құбырын салып жатыр. Түркіменстанда жағалаулардағы энергия көзін игеру үшін келісім-шарттар бойынша тек Қытай компаниясы ғана жұмыс жасап, енді қытай жұмысшылары бұл елдің шекарасынан асып, Ауғанстанның солтүстік-батысында
Орталық Азияның газы мен мұнайына ғана иек артып қоймай, Бейжің теміржол салу жобаларын да алға тартып отыр.
Қытайдың HPGI компаниясының Қазақстан мен Қытай арасында жаңадан 21 жол байланысын құру жоспары бар. Оның сегізі тек мұнай мен сұйытылған табиғи газ тасымалдау үшін жұмыс істейді.
Сонымен бірге Қытай орта азиялық тағы екі ел Қырғызстан мен Өзбекстан арасында да жол байланысын орнатпақшы. Ол жол қытайлық CNPC компаниясының Өзбекстанның мұнай-газ кенішін дамытып жатқан елдің шығысындағы Әндіжан қаласына дейін барады.
Орта Азия елдері электр қуатын алу жүйесін жетілдіруге мұқтаж. Бұл тұрғыда Қытайдың «Тебиан электр аппараты» Қырғызстан мен Тәжікстанда 220 киловатт және 500 киловатт болатын энергия тасымалдаушы жүйе мен қосалқы станция салып жатыр. Сол сияқты Ташкент қаласында қытайлық XD Group компаниясы электр жүйесін бүгінгі заманға сай етіп қайта жөндеуден өткізуді қолға алған.
Қытайлық компаниялар Орталық азия елдерінде гидроэлектр стансаларының жобаларына да қатысып отыр. Қытай Тәжікстандағы Нуробад және Шуроб су электр стансасын салуға көмектесіп, оған өтем ретінде Душанбе Қытайдың «Тебиан» компаниясына Памир тауларындағы алтын, күміс, мыс, вольфрам және тағы да басқа асыл тастар кенін игеруге құқық берді. Тағы басқа қытайлық компаниялар Тәжікстанның алтыны мен уранын және сирек кездесетін элементтерін іздеуге еш кедергісіз ден қойған.
МҰНАЙ-ГАЗДАН БАСҚА САЛАҒА БАС СҰҒУ
Қытай өзінің ядролық мүмкіндігін де күшейтуді қарастырып келеді. Бұл мақсаттағы қажеттіліктерін тағы да Орталық Азиядан тауып отыр. Қытайдың ұлттық ядролық корпорациясы мен Гуандун ядролық корпорациясының Қазақстанның уран кеніштерінде үлестері бар, әрі «Қазатомпром» компаниясынан уран сатып алу келісімі жасалған.
Қытайдың Гуандун ядролық корпорациясының еншілес компаниясы Өзбекстанның Навои облысында да қара уранды барлау
Қытай Орталық Азияның мемлекеттерімен арада түрлі жолдар салып, қытайлық тауарларды бұл аймақ елдерінің әрбір базарына шығаруды да ойластырып қойған.
Бір қарағанда осы байланыстардың бәрі керемет болып көрінгенімен, Қытай өзіне керектісінің бәріне, әсіресе, энергетикалық ресурстарға кеңінен қол жеткізіп отыр. Бейжің мұнай-газ кеніштері мен уран кенін дамыту мен инфрақұрылымдар және импорт-экспорт жолдарын қаржыландыру арқылы Орталық Азияны жаулап алды десе болады. Ал Орталық Азияға тұрақты тұтынушы мен шикізаты үшін уақытында ақша төлеп тұратын ел керек.
Қытайдың Орталық Азияға қарай экспанциясына қатысты Лондонда орналасқан Соғыс және бейбітшілік институтының Орталық Азия бойынша бағдарлама жетекшісі Джон МакЛоуд аймақта әдетте түрлі экономикалық құрылымдар жасалғанымен оның көбісі іске аспайды дейді. Оның атап көрсетуінше, кеден тәртіптері, азаматтар үшін виза тәртібін жеңілдету сияқты мәселелер көбіне саясатта шешімін таппай жатады.
Бұл ретте аймақтағы елдердің өз арасында шешілмей жатқан, бір-бірімен келіспейтін тұстары және өзіндік ұстанымдары бар. Ол Қытайдың аймақтағы жағдайды тепе-теңдікте ұстау әрекетіне жайсыз келеді дей келе, МакЛоуд Қытай Орталық Азиядағы көпжақты келісімдеріне қатысқан тараптардың бәріне тиімді болу жағын қарастырып келеді деді. Оған мысал ретінде, Түркменстан мен Қытай арасындағы газ құбыры жобасы аталды.
Соғыс және бейбітшілік институтының Орталық Азия бойынша бағдарлама жетекшісі Джон МакЛоуд Орталық Азияның Қытайға жол ашуына себептері бар дейді.
«Тек Қытай ғана коммерциялық жағынан онша құнды емес Тәжікстандағы жолдарға, Өзбекстандағы өздері жетекшілік етпейтін мұнай-газ саласын дамытуға ақша құяды. Сол себепті Қытай бұл ойынға ұзақ қатысады» дейді ол.
Мұның бәрі әдетте ықпалын арттырып отырған Ресейді шетте қалдыруы мүмкін. Ғаламдық экономикалық дағдарысқа дейін Кремль Орталық Азиядағы мұнай-мен газ жобаларына белсенді қатысып келген. Бірақ, қаржы дағдарысы Ресейге қатты соққы болып тиді де, қаржылық мүмкіндігі жақсырақ Қытайдың Орталық Азияға еркін қол жеткізуіне жол ашты.
МакЛоудтың пікірінше, Мәскеу осының бәрін салқын қандылықпен қабылдап отырғанымен, Қытайдың Орталық Азияның мұқтаждықтарына икемделіп алғанына оң қабақ таныта қоймайды.
Қытай өзінің экономикалық мүдделерін алға жылжытып, Орталық Азияның энергия көздерін иемденіп қалуға әрекет етіп жатыр. Орта Азия болса артта қалған инфрақұрылымын жақсарту үшін Қытай инвестициясына есігін айқара ашуға мәжбүр.
Бірақ, бәрі кедергісіз жүріп жатқандай көрінгенімен, бұл шаралар ұзаққа бармайтын сияқты. Өйткені Орталық Азия елдері өзара келісімдерде Бейжің үшін маңызды рөл атқаратын қытайлықтармен жеке жұмыс жасап, шекаралық аймаққа қажетті дипломатиялық тепе-теңдікті құрғысы келеді.
Энергия көзінің тапшылығы Қытай экономикасына төнген үлкен қауіптің бірі, сондықтан қытайлық компаниялар әлемдегі бірқатар
Шығыс Сібір мен Қытайды жалғайтын мұнай құбырының құрылысында. Амур облысы, Ресей, 27 сәуір 2009 жыл.
елдермен энергия көзін алу жөнінде келісім-шарттар жасап жатыр. Единбургтегі бұрынғы Совет Одағының мұнай-газ мониторингісінің сарапшысы Дженифер Дилэй Қытай экономикасының өсімі ғаламдық дағдарыс кезінде тежеле қоймады, қажетті энергия көзін алу мен соңғы жылдардағы газ импорты елдің экономикасын бірқалыпты ұстап тұрды дейді.
Дилэйдің айтуынша, Қытай қазірдің өзінде күніне 4,1 миллион баррель мұнай тұтынады, оның жартысынан көбі импортпен келеді. Табиғи газ импорты қазіргі тұтынудың 11 пайызын құрайды.
Қытайдың оңтүстігіндегі көршілерінде, оның ішінде Вьетнамда мұндай мүмкіндіктер жоқ. Дженифер Дилэй Қытайдың Мьянмамен арада мұнай-газ құбырларын тарту жоспарлары туралы да айта келе, бұл жоба 2012 жылға дейін іске қосыла қоймайды деп отыр. Оның қолында бар деректеріне қарағанда, қаңтар айында Қытайға шетелдік мұнай танкерлері ішкі сұраныстың 80 пайызына тең шикізат жеткізген.
Бұл тұрғыда Қытайдың бақытына орай, энергия көзіне бай Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан Совет Одағы құлағаннан бері мол мүмкіндік ашып отыр.
ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ҚЫТАЙ РЕСЕЙДЕН ОЗДЫ
Бұл саладағы ынтымақтастық 1996 жылы сәуірде Қытай мен ТМД елдері арасында жасалған сенім таныту келісімінен басталды. Оған Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан қатысты. Кейін тағы Өзбекстан қосылып, экономикалық және қауіпсіздік салаларын қамтыған құжат Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құруға негіз болды. ШЫҰ-ның экономикалық және сауда келісімдері арқылы Қытай он жылдан аз уақыттың ішінде Орталық Азияның энергетикалық ресурстар нарығына ендей кірді.
Қытайдың ұлттық мұнай-газ компаниясы Орта Азиядан ең бірінші маңызды энергетикалық келісім шартты 1997 жылы Қазақстанмен жасады. Тараптар қазір іске қосыла бастаған Батыс Қазақстаннан Қытайға дейін 2,238 шақырым болатын мұнай құбырын салу жөнінде
Қазақстан, Қытай, Өзбекстан және Түркменстан президенттері төрт елдің аумағы арқылы өтетін Түркмен-Қытай газ құбырының ашылуы салтанатында. Самантепе, Түркменстан, 15 желтоқсан 2009 жыл.
келісімге қол қойған. Сонымен қатар 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап, Түркменстаннан Қытайға газ құбыры тартылды. Сарапшы Дженифер Дилэй Қытайдың қазір екі елден тіке мұнай-газ құбыр тартқанын айтады. Оның бірі 2009 жылдан бастап жоғарыда аталған түркімен газын Қытайға жеткізсе, екіншісі Қазақстан мұнайын 2006 жылдан бері тасымалдап жатыр дейді. Бұл екі мұнай-газ құбыры Қытайдың Орталық Азияға ықпалының өсе түскенін көрсетіп отыр. Бірақ Қытайдың бұл аймақтағы мүддесі орта азиялық әрбір елмен осындай байланыс құру.
Қытайдың ұлттық мұнай-газ компаниясы Өзбекстанның шығысы мен батысындағы және Арал теңізі аймағындағы мұнай-газ кеніштерін дамытуға көмектесіп жатыр. Қытайдың инвестициялық корпорациясы 939 миллион доллар төлеп «ҚазМұнайГаздың» 14,5 процент акциясын иемденді.
Түркменстан мен Қытай арасындағы газ құбырынан бөлек, қытайлық PetroChina компаниясы Қазақстанның батысынан Қытай шекарасына дейін тағы бір газ құбырын салып жатыр. Түркіменстанда жағалаулардағы энергия көзін игеру үшін келісім-шарттар бойынша тек Қытай компаниясы ғана жұмыс жасап, енді қытай жұмысшылары бұл елдің шекарасынан асып, Ауғанстанның солтүстік-батысында
Бейжіңге сапармен келген Ауғанстан президенті Хамид Карзай (оң жақта) өзінің құрметіне сап түзеген қарауыл алдында Қытай төрағасы Ху Цзиньтаомен бірге келе жатыр. 24 наурыз 2010 жыл.
газ кенішін дамытуға қатыспақшы. Таяуда Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың Бейжіңде болған сапарында, Түркменстан мен Қытай шекарасы маңында газ құбыры жобасын бастау мәселесі талқыланды. Орталық Азияның газы мен мұнайына ғана иек артып қоймай, Бейжің теміржол салу жобаларын да алға тартып отыр.
Қытайдың HPGI компаниясының Қазақстан мен Қытай арасында жаңадан 21 жол байланысын құру жоспары бар. Оның сегізі тек мұнай мен сұйытылған табиғи газ тасымалдау үшін жұмыс істейді.
Сонымен бірге Қытай орта азиялық тағы екі ел Қырғызстан мен Өзбекстан арасында да жол байланысын орнатпақшы. Ол жол қытайлық CNPC компаниясының Өзбекстанның мұнай-газ кенішін дамытып жатқан елдің шығысындағы Әндіжан қаласына дейін барады.
Орта Азия елдері электр қуатын алу жүйесін жетілдіруге мұқтаж. Бұл тұрғыда Қытайдың «Тебиан электр аппараты» Қырғызстан мен Тәжікстанда 220 киловатт және 500 киловатт болатын энергия тасымалдаушы жүйе мен қосалқы станция салып жатыр. Сол сияқты Ташкент қаласында қытайлық XD Group компаниясы электр жүйесін бүгінгі заманға сай етіп қайта жөндеуден өткізуді қолға алған.
Қытайлық компаниялар Орталық азия елдерінде гидроэлектр стансаларының жобаларына да қатысып отыр. Қытай Тәжікстандағы Нуробад және Шуроб су электр стансасын салуға көмектесіп, оған өтем ретінде Душанбе Қытайдың «Тебиан» компаниясына Памир тауларындағы алтын, күміс, мыс, вольфрам және тағы да басқа асыл тастар кенін игеруге құқық берді. Тағы басқа қытайлық компаниялар Тәжікстанның алтыны мен уранын және сирек кездесетін элементтерін іздеуге еш кедергісіз ден қойған.
МҰНАЙ-ГАЗДАН БАСҚА САЛАҒА БАС СҰҒУ
Қытай өзінің ядролық мүмкіндігін де күшейтуді қарастырып келеді. Бұл мақсаттағы қажеттіліктерін тағы да Орталық Азиядан тауып отыр. Қытайдың ұлттық ядролық корпорациясы мен Гуандун ядролық корпорациясының Қазақстанның уран кеніштерінде үлестері бар, әрі «Қазатомпром» компаниясынан уран сатып алу келісімі жасалған.
Қытайдың Гуандун ядролық корпорациясының еншілес компаниясы Өзбекстанның Навои облысында да қара уранды барлау
Солдан оңға: Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қытай төрағасы Ху Цзиньтао, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Ресей президенті Дмитрий Медведев және Өзбекстан президенті Ислам Каримов Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының саммитінде. Душанбе, 28 тамыз 2008 жыл.
жұмыстарына қатысып жатыр. Қытай Орталық Азияның мемлекеттерімен арада түрлі жолдар салып, қытайлық тауарларды бұл аймақ елдерінің әрбір базарына шығаруды да ойластырып қойған.