18 қараша күні «Общественная позиция» газеті осыған дейін жабылып қалған оппозициялық «Тасжарған» басылымының пішінінде жарыққа шықты. Газеттің «бас оқырманы» балама ақпарат тарату үшін Ақордаға мемлекеттік билік органдарымен етене жұмыс істеуге әзірміз деген месседж жасағым келеді дейді.
Қазақстанда шығатын «Общественная позиция» апталық газетінің сәрсенбі күнгі саны бұған дейін «DAT» жобасымен шығарылған «ДАТ», «СолДАТ», «Жұма-Таймс», «Айна-плюс», «Тасжарған» газеттерінің пішінінде басылып шықты.
24 беттік басылым деректерінде газеттің бас редакторы - Розлана Таукина, «бас оқырманы» – Ермұрат Бапи деп көрсетілген. Бұл жолғы саны 25 мың дана тиражбен шығыпты.
– Ермұрат мырза, «DAT» жобасы неліктен «Общественная позиция» газетін таңдап алды?
– «Тасжарған» газеті жабылғаннан бергі 8 айдың ішінде осы жобаның аясында ынталы топ Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігіне жаңадан тіркеуге бір емес, алты газетті ұсынған еді, бірақ ол жақтан оң жауап болмады. Осылайша, келер жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық еткелі отырған Қазақстанда үкіметтен газет тіркете алмадық. Сондықтан, осындай жағдайда біз «Общественная позиция» газетінің меншік иесімен келісе отырып, «DAT» жобасын осы басылымда жалғастыруды жөн деп шештік.
– Газеттің бағыты қалай болмақ?
– Ол бұрынғы қалпында қалады, өз оқырмандарымыз да бар. Біз, газет редакциясы, бұл елде әлдебір алабөтен ой, алапес пікірмен жүргендер емеспіз. Отанымыз – Қазақстанды, ондағы халықты сүйетін, тағдырына жаны ашитын, оның қазіргі күй-ахуалына адами, адамзаттық көзқараспен қарайтын журналистер ұжымымыз. Мақсатымыз – елге балама ақпарат тарату. Ол үшін шамамыз келгенше, бәлкім, мемлекеттік билік органдарымен де етене жұмыс істеуге де кет әрі емеспіз. Мен елдегі қазіргі жағдайдың әлпетіне қарап, демократиялық оппозицияда жүрген азаматтарды тобырымен соттап, айдап, қудалап жатқан заманда, Есілдің сол жағалауындағы ордаға осындай месседж жасауды жөн көріп отырмын.
Әрине, біз «Егемен Қазақстан» немесе «Айқын» бола алмаймыз. Біз қоғамдағы еркін ой, азат пікірді білдіретін тәуелсіз газет шығарғымыз келеді. Егерде билік орындары біздің осы бағытымызды мемлекеттің, халықтың игілігіне жаратуға ілтипатпен қабылдайтын болса, біз ондай қадамды құшақ жая қарсы алуға дайынбыз. Ал егерде бізді тағы да «отардағы қотыр қойдай» көретін болса, бұл тағы да сол Қазақстанның ресми билігінің баспасөз және сөз бостандығына деген көзқарасының кезекті айғағы болады.
Қазақстандағы алғашқы оппозициялық басылым – «ДАТ» газетінің бірінші саны 1998 жылы сәуірдің 16--сы күні жарық көрді. Сол жылы жабылған бұл газеттің орнын жарты жылдан соң «СолДАТ» газеті басты. Сот шешімімен ол да жабылған соң Қазақстанда әр жылдары, «DAT» баспагерлік жобасы аясында «Сегодня-Бүгін», «ДАТ-Ақбота», «ДАТ-Колесо», «ДАТ-Иртыш», «Жұма-Таймс», «Айна-плюс» және «Тасжарған» газеттері жарық көрді.
Бұл газеттердің басым көпшілігі сот шешімдері бойынша шығуын тоқтатты.
Осы жоба аясында шығып келген «Тасжарған» газеті ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ромин Мадиновтің талап-арызы бойынша сот шешімі шыққан соң өзін банкрот деп жариялауға мәжбүр болды.
Алматы соты «Тасжарғанда» 2008 жылғы 24 сәуірде жарық көрген «Байғұс латфундист» деген мақалада депутаттың ар-намысына нұқсан келтірілген деп тауып, газетке 30 миллион теңге айыппұл салған еді. Жоғарғы сот бұл шешімді күшінде қалдырды.
Депутат Ромин Мадиновтың талап арызы бойынша 30 млн теңге ақшалай өтемақысын өтеу туралы сот шешімін орындамағаны үшін 23 сәуірде Алматының ауданаралық арнайы сот шешімімен журналист Ермұрат Бапи бес тәулікке қамалып, артынша-ақ Алматы қалалық прокуратурасының қарсылығымен қамаудан босатылған болатын.
Ермұрат Бапидің өзі 2003 жылы күзде қылмыстық жазамен бір жылға шартты мерзімге сотталып, сот шешімімен 5 жыл бойы баспа жұмысымен айналысу құқығынан айырылған еді. Содан бері «Тасжарған» газетінде оның аты-жөніне «бас оқырман» деген тіркес қосылып жазылып келді.
24 беттік басылым деректерінде газеттің бас редакторы - Розлана Таукина, «бас оқырманы» – Ермұрат Бапи деп көрсетілген. Бұл жолғы саны 25 мың дана тиражбен шығыпты.
Ермұрат Бапи, журналист, сот салған 30 млн. теңге айыппұлдан соң жабылып қалған «Тасжарған» газетінің негізін қалаушы. Алматы, 14 қазан 2009 жыл.
Азаттық радиосына берген сұхбатында Ермұрат Бапи газеттің бағыты бұрынғысынша болып қалатынын айтты.– Ермұрат мырза, «DAT» жобасы неліктен «Общественная позиция» газетін таңдап алды?