ОРАМАЛДАН БАС ТАРТУ
25 жыл бойы хиджаб киген ирандық әйел құқығын қорғаушы әрі журналист Фариба Давуди Мохаджер 2006 жылдың қысында өзінің бас орамалын теңізге лақтырып тастаған.
Ирландияда өткен бұл күннің әрбір сәті оның есінде сақталып қалыпты. Фариба бірнеше сағат бойы Дублиндегі теңіз жағасында жаяулап жүріп, хиджабын біржола қалай шешіп тастау керектігін ойластырып, толқынға ағып кеткен орамалынсыз өзінің қалай көрінетіндігін көзге
Бір сәт мен бұл әлемде шашыңның самал желді сезінгенінен үлкен ләззат жоқ екен деп түсіндім.
елестетумен болғанын айтады.
Оның есінде тіпті бірінші рет самал желді шашының қалай сезінгені қалған.
«Бір сәт мен бұл әлемде шашыңның самал желді сезінгенінен үлкен ләззат жоқ екен деп түсіндім».
13 жасынан хиджаб киген Фарибаға Ирандағы ислам заңдары бойынша бұл киім үлгісі шектеу мен әділетсіздік нышаны сияқты көрінді.
1979 жылғы Ислам төңкерісінен кейін иран әйелдері үшін хиджаб кию міндетті болды. Бұл мемлекеттік киім үлгісін кимеген мыңдаған әйел қамауға алынып, хиджаб киюге келіспегендерін оқшауландырып тәрбиелеген.
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ АДАМ
Иранда шариғат заңдары бойынша соңғы 31 жылда әйелдерге екінші деңгейдегі мәртебе берілген. Әйел қауымы бір жаққа шығатын болса, әкесінен немесе күйеуінен рұқсат алу керек.
Сотта әйелдердің куәлік жасауының салмағы ерлердің куәлігінің жартысын ғана құрайды. Олардың ажырасу құқығы ер адамдармен тең
Мен хиджабты әйелдерге қарсы оларды бақылауда ұстау үшін әрі қуғындауға қолданылып келе жатқан құрал ретінде көрдім. Сол себепті мен оны енді бұдан былай кимеуге бел будым.
емес.
Хиджабын тастаған Фариба Давуди Мохаджер өзінің иран үкіметінің қоғамдық бұғауынан босағандай сезінгенін айтады:
«Мен хиджабты әйелдерге қарсы оларды бақылауда ұстау үшін әрі қуғындауға қолданылып келе жатқан құрал ретінде көрдім. Сол себепті мен оны енді бұдан былай кимеуге бел будым».
Фариба Давуди Мохаджер еркін отбасында туып-өскен. Бірақ ол 1979 жылғы Иран төңкерісінен кейін хиджаб киюге шешім қабылдап, осылай киініп жүрсе қоғамдағы орны да жақсы болады деп сенген.
«Мен үгіт-насихаттарға байланысты осылай ойладым. Сондай-ақ, мен оқыған кітаптар маған хиджаб қоғамда тиіспеушілік иммунитетін береді деп келді. Онда ерлер еліктірмейтіндей киіну керек, олар күнәға батпауы тиіс деп айтылатын. Сосын мен ондайға жол бермеу менің жауапкершілігім деп ойлағам».
ТЕҢДІК ҮШІН КҮРЕС
Бірақ кейін Давуди Мохаджер иран жетекшілігі айтқандай, өзіне шынында да хиджаб қандайда бір иммунитет бере ме, әйелдің мәртебесін көтере ме деген сауал қоя бастаған. Осыдан барып Фариба не себепті Иран ислам республикасында ажырасу, мұрагерлікті иелену және басқа да мәселелерде әйелдердің ерлермен құқығы тең емес деген сұраққа жауап іздегенін айтады.
Осы тұрғыда ол әйелдер құқығы мен адам құқықтарының бұзылуы жайында қоғамдық басылымдарда мәселелер көтеріп, университеттерде сөз сөйлеген.
Осы әрекеттері үшін, оппозициялық аятолла Хоссейн Али Монтазериге қолдау танытқаны үшін Давуди Мохаджер 2001 жылы қамауға алынды.
Ислам төңкерісі сақшыларының бақылауындағы қауіпсіздік түрмесіне 40 күнге жабылған кезде оны ұрып-соққан. Сол кезде киіп жүрген паранжысы ештеңеден қорғай алмайтынын түсінген.
Мұндай жағдайлар Давуди Мохаджерді бұрынғыдан да ашық сөйлеуге итермеледі. Ол әйелдер құқығын қорғайтын қозғалыстармен тығыз араласып, әйелдерді шектейтін заңға қарсы бір миллион дауыс жинау науқанын құруға атсалысты.
Ол әйелдер құқын қолдайтын көптеген шерулерге қатысқаны үшін 2006 жылы тағы қамалды.
ХИДЖАБ ШЕШУ
Қамауда болған Давуди Мохаджер кепіл ақшаға босатылған бірнеше айдан кейін Дублинге барып, сол жерде хиджабын суға тастады. Содан кейін АҚШ-қа қоныс аударып, парсы тілінде хабар тарататын телеарнада орамалмен шығып тұрған. Фариба өзінің хиджаб кимесе, абдырап, ыңғайсызданатынын, қоғам қалыптастырған бұғаудан шыға алмай жүргенін айтады.
Бірақ «Америка даусы» телеарнасының парсы тіліндегі тікелей бағдарламасына қатысып отырған кезде, жүргізушінің “неге сіз бізге келгенде жалаң бас келіп, эфир басталғанда басыңызға орамал салдыңыз?” деген сұрағына ол “камераның алдында орамалымды шешуге бола ма?” деп жауап берген. Бұл бағдарлама кезінде Фариба өте сабырлы болып көрінгенімен, іштей алай-дүлей күйге түсіп, қызуы көтерілгенін айтқан.
Осы тікелей эфир хабары кезінде Фариба телекамера алдында хиджабын шешіп тастады.
Фариба Мохаджер тікелей толқында орамалын алып тастаған сәт ирандық вебсайттарға шығып, Facebook сияқты сайттар арқылы
Фариба Мохаджер хиджаб кием деген әйелдердің таңдауын сыйлайтынын айта келе, оларға таңдау берілуі керек деп санайды.
тараған. Сосын оған көптеген хаттар келген, бірі оны айыптаса, басқалары оның әрекетін мадақтаған.
Иран билігі оның іс-әрекетін бірден сынға алып, Фарибаны азғын, бұзылған деп айыптады. Иран мемлекеттік телеарнасы Давуди Мохаджерді “Батыстың құралына айналып, нағыз жүзін көрсетті” деген.
Өз кезегінде Фариба Мохаджер хиджаб кием деген әйелдердің таңдауын сыйлайтынын айта келе, оларға таңдау берілуі керек деп санайды. Ол дінде мәжбүрлеу жоқ деп Құранда айтылған дей келе, өз елі әйелдерге хиджабты күшпен кигізіп, Исламға қарсы әрекет етіп келеді деді.
ХИДЖАБҚА ҚАРСЫ ЗАҢДАР
Бұл арада Франция парламентінің төменгі палатасы қоғамдық ортада бұрқа киюге тыйым салатын заң жобасын мақұлдады.
Бұл заңды қолдаушылар мұсылман киімі Францияның зайырлы қоғамына қарама-қайшы келетінін әрі қауіпсіздікке қатер төндіретінін айтады. Заңға қарсылық танытушылар ол адамдардың жеке құқығын бұзып, Конституцияға қайшы келеді дейді. Егер заңды Сенат мақұлдаса, Франция бұрқаға тыйым салған Бельгиядан кейінгі екінші еуропалық ел болады. Сенат бұл заң жобасын биыл күзде қарамақшы.
Ол заңға сәйкес, оны бұзғандарға 185 доллар айыппұл салынады. Әйел адамға бұрқа киюді мәжбүрлеген отбасы мүшелері бір жылға түрмеге жабылып, 38 мың доллар айыппұл төлейді. Егер кәмелеттік жасқа толмаған қыздарға бұрқаны күшпен кигізгендер болса, жоғарыда айтылған айыппұл мен жазалау екі еселенеді.
Франция Батыс Еуропадағы мұсылман қауымдастығы ең көп ел болып табылады.