Түрмеде отырған тәуелсіз журналист Рамазан Есіргепов жәрдем сұрап, қазақстандық билікке жақын, сондай-ақ оппозицияда жүрген барлығы он партияға үндеу жолдады. Арада бір тәулік өткенде олардың жетеуінің әлі «кеңесіп» жатқанын анықтадық.
Қаңтардың 27-і күні кейбір тәуелсіз басылымдарда жарияланған үндеуінде «Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов өзіне қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жасап жатқан «заңсыз іс-әрекетіне» елдегі саяси партияларды тиісті баға беруге шақырған.
Тараз қаласындағы тергеу абақтысынан жолдаған үндеуінде Р.Есіргепов өз басындағы шырғалаң басталған былтырғы күзден бастап осы кезге шейін саяси партиялардың ешқайсысы оған қатысты ұстанымдарын білдірмегенін қынжыла жазған. Сол кезеңде ҰҚК оны тұтқындауға екі рет әрекет жасағанын, ал өзі басқаратын газет қудалауға түсіп, ақыры жұмысын тоқтатуға мәжбүр болғанын айтады журналист.
Рамазан Есіргепов 2006 жылы ақпанда оппозиция лидері Алтынбек Сәрсенбайұлы кісі қолынан қаза тапқанда да, «Нұрбанк» төңірегіндегі оқиғалардан кейін де қоғамда дәл осындай үнсіздік болғанын партия жетекшілерінің есіне сала отырып, Қазақстанның арнайы қызмет органдары саяси қудалаумен айналыспас үшін оларға реформа жүргізу қажеттігін айтқан.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен АҚШ президенті Барак Обаманың жаңа әкімшілігі Рамазан Есіргеповке қатысты өз алаңдаушылықтарын білдірген болатын. Олар сөз бостандығын шектеуге және мемлекеттік құпияны желеу етіп, ондай санатқа жатпайтын ақпараттарды қисынсыз бүркемелеуге жол бермеу үшін Қазақстан заңнамасына реформалар жүргізуге шақырды.
Осы аптада Қазақстанның журналистік ұйымдары қаңтар айының басында Алматы ауруханасында тұтқындалған Рамазан Есіргеповті дереу бостандыққа шығаруды талап етіп мәлімдеме жасады. Журналистің әріптестері түрмеде оның денсаулығына қауіп төніп тұрғанын айтады. Газет редакторының үстінен тергеу жүргізіп жатқан ҰҚК Жамбыл облыстық департаменті Рамазан Есіргеповке осы мекеменің қызметтік құпияларын заңсыз жолмен алып, жария еткен деген айып тағып отыр.
Р.Есіргеповтың жасаған мәлімдемесіне қатысты Азаттық тілшілері Қазақстанның кейбір партия жетекшілерінің пікірін білген еді.
Президентшіл бағыттағы Патриоттар партиясының көсемі Ғани Қасымов:
- Оның бұл мәлімдемесі жарияланғанға дейін, Сенатта БАҚ туралы заң жобасын талқылау кезінде Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедке Есіргеповтың жағдайына байланысты өз алаңдаушылығымды білдірген болатынмын. Министрге жолдаған сауалымда ол ұсынған заң жобасы осындай жағдайда неге журналистерді қорғамайды деп қойған сұрағыма әлі жауап күтудемін.
Сәрсенбі күні Рамазан Есіргеповке қатысты оппозициялық «Азат» партиясының мәлімдемесі интернетте жарияланды.
Онда «арнайы қызмет органдары мен құқық мекемелерінің жауапсыз, әсіресе журналистерді қудалау мен сөз бостандығын басып-жаншитын заңсыз іс-қимылы, шектен шыққан, мемлекеттік институттардың беделін біржолата түсіретін әрекеті жаман әдетке айналып барады. «Алма-Ата инфо» газетін жабу, оның бас редакторын ҰҚК өкілдерінің ұстап, тұтқындауы – соның нақты дәлелі» делінген.
Мәлімдемеде «өзінің кәсіби қызметін атқарған журналисті аса қауіпті адам етіп көрсетуге тырысып отырған билік коррупциямен емес, теріс қылықтар туралы жазып, өз ұстанымын білдірген адамдармен күресіп отырғанына қоғамның көзі жетіп отырғаны» айтылған.
«Есіргеповтің ісіне» байланысты: «Тәуелсіз газеттің бас редакторын қамауда ұстау Қазақстанның беделіне айтарлықтай нұқсан келтірді және халықаралық қауымдастық бұны бірауыздан құқықтық демократиялық талаптарға кереғар қадам ретінде бағалайды. Өз пікірін білдіргені үшін журналисті бостандықтан айыру ісін ешнәрсе ақтай алмайды!» деген саяси баға берген «Азат» партиясы, журналисті дереу бостандыққа шығарып, оған қарсы қозғалған қылмыстық істі доғаруды талап еткен.
Оппозициялық Қазақстан Коммунистік партиясының төрағасы Серікболсын Әбділдин:
- Біз бұл істе бірлескен іс-қимыл қажет деп санаймыз. Сондықтан біз қазір бірқатар саяси партиялармен Рамазан Есіргеповке жәрдем беру жайын кеңесіп жатырмыз. Бұл істі өзге партиялармен байланысқа жауапты орынбасарым Ғазиз Алдамжаровқа жүктедім. Егер журналисті басқалармен бірлесіп қорғау талпынысы нәтиже бермесе, онда біз оған жеке партия ретінде өзіміз кірісеміз.
Ресми тіркелмеген оппозициялық «Алға» партиясының үйлестіру кеңесінің жетекшісі Владимир Козлов:
- Рамазан Есіргеповтің басындағы жайтқа қатысты екі мәселе бар: мәселенің түп-төркіні және Қазақстанның арнайы органдарының оған қарсы жасап жатқаны. Өкінішке қарай, бұл мәселенің неден шыққанынан біздің жеткілікті хабарымыз жоқ. Тек оны тұтқынға алған кезде ғана назар бұрдық.
Арнайы органдардың оған қатысты іс-әрекетіне бей-жай қарауға болмайды. Сондықтан біз журналистке көмектесу жайында бірқатар партиялармен келіссөздер өткізудеміз – жаңа ғана Жалпыұлттық социал-демократиялық партиямен сөйлестік. Біз оған жәрдемдесуіміз керек және арнайы қызмет органдарын тәртіпке шақыруды биліктен талап етуіміз қажет.
Оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов:
- Біз Рамазан Есіргеповке қалай көмектесу мәселесін кейбір партиялармен кеңесудеміз. Бұған дейін Халық Кеңесіне оның жолдаған үндеуі қолдау тауып, тиісті мәлімдеме жасалған болатын. Ал қазір оның жекелеген партияларға жасаған үндеуін де біз қолдап отырмыз. Басқа әріптестерімізбен бірлесіп дайындап жатқан құжатта қоғамдағы кез-келген құбылыстар мен оқиғаларды объективті түрде жария етуге деген журналистердің құқықтары бұзылмауы тиістігі және оларды қорғау қажеттігін мәлімдегелі отырмыз.
Президентшіл Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының төрағасы Владислав Косарев:
- Менің ойымша, егер әрбір партия бұған қатысты жеке-жеке мәлімдеме жасаса, оның әсері әлсіз болады. Бұған дейін желтоқсанның 23-і күні оның Халықтық Кеңеске жолдаған үндеуіне біз бірлескен мәлімдеме жасап, қолдау білдіргенбіз.
Бірақ, содан бері жағдай өзгеріссіз қалып отырғандықтан, Халық Кеңесінің аясында бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруымыз керек. Бәлкім, Халық Кеңесінің құрамындағы құқықтық мәселелер жөніндегі арнайы комиссияда немесе Кеңестің кезектен тыс сессиясын шақырып, сонда қараған дұрыс болар.
Президентшіл «Ауыл» партиясының төрағасы Ғани Қалиев:
- Рамазан Есіргеповке жәрдем беру жайында әзірге басқа партиялардың басшыларымен сөйлескен жоқпын. Бірақ, осы мәселе бойынша бірқатар ақпарат құралдарына білдірген пікірімде оған сөзсіз көмек көрсету қажеттігін, әйткенмен ол көмектің қандай тұрғыда болатындығын жақсылап ойлап-екшеп алу керектігін айттым.
Президентшіл «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Бөріхан Нұрмұхамедов:
- Кез-келген объективті проблеманы шешу кезінде оған байланысты субъективті қарым-қатынастарды мүлдем сырып тастау мүмкін емес. Сондықтан, дәл осы сәтте біз бұл мәселе бойынша қандай да бір іс-қимылдар жасамайтын шығармыз.
Бәлкім, ақпан айында өткелі отырған партиямыздың төралқа жиынында қабылданатын кейбір құжаттар аясында бір қарекеттер жасауға қол жетіп қалар. Алайда, соңғы парламент сайлауларынан кейін елде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қарсы қысымдар күшейе түскенін жұрттың барлығы көріп отыр. Сондықтан, менің ойымша, тұтастай алғанда елдегі қалыптасқан саяси проблемаларды шешу қажет. Сонда жекелеген проблемалар да өздігінен шешіледі.
Президентшіл «Руханият» партиясының жетекшісі Алтыншаш Жағанова:
- Мен ол [үндеу] туралы ештеңе естіген емеспін. Сондықтан ол жөнінде ештеңе айта алмаймын.
Президентшіл «Әділет» партиясының басшылығына хабарласпақ болған әрекеттеріміз нәтижесіз аяқталды.